» » Алдағы уақытта жанармай тағы қымбаттайды: Энергетика министрі

Алдағы уақытта жанармай тағы қымбаттайды: Энергетика министрі

Энергетика министрлігі жанармай бағасын тұрақтандыра алмайды. Мағзұм Мырзағалиев тіпті бензин алдағы уақытта қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “КТК” арнасы. 


“Біз екі мәселені миымызда ұстауымыз керек. Ең біріншіден, әлемдік Брент бағасына тәуелділігі. Екіншіден, біздің көрші елдердегі қалыптасқан бағадан айырмашылық үлкен болмауы тиіс”, – дейді Мырзағалиев. 
Биыл еліміздің бірнеше өңірінде жанар-жағармай бағасы қымбаттады. Ол мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуымен байланысты. Енді мұндай жағдайдың алдын алу үшін зауыттар үш жылда бір рет қана күрделі жөндеуден өткізіледі. Энергетика министрі мұны бақылауда ұстаймыз деп отыр.
Биыл Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты жөндеуге уақытша жабылып, артынша жанармай бағасының күрт қымбаттауына байланысты мерзімінен бұрын қайта ашылған. Елде жанармайды тұтыну көлемі жыл санап артып келеді. Сондықтан оны өндірушіден бастап тасымалдаушыға дейін бақылау күшейеді деді министр Мырзағалиев.
“Алдағы жылдан бастап жанармайдың тасымалдауына, оның қайда кетіп жатқанына жіті мән береміз. Сондай-ақ елде жанармайдың қорын жасақтау керек. Біз жауапты компаниялармен ақылдасып, жыл соңына дейін мәселенің шешімен табуға тырысамыз”, – дейді ҚР энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.
19 қараша 2021 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 403
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930