» » Елімізде жылу мен жарық тарифтері көтеріледі ме? Энергетика министрі айтты

Елімізде жылу мен жарық тарифтері көтеріледі ме? Энергетика министрі айтты

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев күзде газ, жанар-жағармай мен электр энергиясы тарифтерінің көтерілуі күтілетінін айтты. Ведомство басшысы 2016 жылдан бастап бензин мен басқа да отын бағасы тек сұраныспен реттелетінін еске салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Ноғаев: Мемлекет - қайырымдылық қоры емес
Министрліктің бағалауы бойынша, халық үшін электр энергиясының құны өзгеріссіз қалуы мүмкін.
"Энергетика министрлігінің құзыретіне энергия өндіруші ұйымдарға шекті бағаларды бекіту кіреді. 2021 жылы түзету жүргізілді, енді кезекті түзету жүргізілмейді",- дейді Ноғаев.
Бұнымен қоса, энергетика министрі халықпен есептік кездесуінде мұнай өндіру жоспарларымен бөлісті.
"Биыл ведомство 85,3 млн тонна мұнай өндіреді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәл аз. Бұл ретте күзде Беларуське мұнай өнімдерінің экспортына шығуға ниеттіміз",- деді Ноғаев.
Министр Беларуське қазақстандық мұнай шамамен қазанға қарай жеткізілетінін айтты.
"Жақында ғана Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Енді бұл келісімді ратификациялау қажет. Бүгін Қазақстан парламентінің жетінші сессиясы жабылды. Күзде парламент өз жұмысына кіріскен шақта біз қол қойылған осы құжатты парламенттің қарауына ұсынамыз", - деді министр.
Сондай-ақ, Ноғаев өткен айда танымал АИ-92 маркасының құны не себепті өскенін түсіндірді.
"Жанар-жағармай бағасының өсуін мұнай өңдеу зауыттарының дұрыс  жұмыс істемеу салдары деп атауға болады. Бірақ қазір барлық үш зауыт тұрақты жұмыс істейді. Атырау зауытында бұған дейін электр энергиясын беруде іркіліс болған. Шымкентте жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жағдайлар алыпсатарлыққа жол берді",- дейді ол.
01 шілде 2021 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930