» » Жаңа жылдан бастап газ бен жарық арзандайды

Жаңа жылдан бастап газ бен жарық арзандайды

Қанат Бозымбаев елімізде газ және жарық тарифтерін арзандату үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтты
Қазақстанда тауарлық газ бен электр энергиясы тарифтері арзандатылады, деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Үкімет отырысы кезінде ведомство басшысы электр қуатының нарыққа енгізілуіне байланысты сектор үшін екі тарифтік әдістеме енгізілетінін айтты.
"Ең қымбат бензин - Қазақстанда" дейтіндерге Бозымбаев жауап берді.
Энергия өндіретін ұйымдар электр энергиясының бағасын екі тарифке бөледі: электр энергиясына және қуатына. Электр энергиясына объективті, шекті тарифтерді белгілеу энергия өндіруші ұйымдардың сату бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
"Тауарлық газ бойынша энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына тарифтерін төмендету үшін министрлік бұйрық жобасын әзірледі. Бұл жобада тауарлық газдың шекті көтерме бағаларын төмендету көзделген. Біздің бағалауымыз бойынша көтерме сауда бағасын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендету — тауарлық газдың түпкі бағасын өңірге байланысты газ пайдаланатын электр станциялары үшін 6-дан 15%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді", — деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, министр тиісті бұйрықтың ағымдағы жылдың қараша айының соңына жоспарланғанын айтып өтті. Яғни министрліктің газға көтерме сауда бағаларын төмендету негізінде табиғи монополияларды реттеу комитеті тиісті бұйрықтар қабылдап, станциялар үшін газ бағасын төмендетуі тиіс.
m.sputniknews.kz
15 қараша 2018 ж. 2 867 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930