» » Елімізде қоқыстан электр өндіретін станциялар салынады

Елімізде қоқыстан электр өндіретін станциялар салынады


Елімізде қоқыстан электр өндіретін станциялар салынады
Қазақстанда қоқыстан электр энергиясын өндіретін бірнеше биоэлектростанция салынады.
«Қазіргі уақытта биоэлектр станцияларын тұрғызу мәселесін қарастыру қажеттігін көріп отырмыз. Бұл станциялар қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы жұмыс істейді. Бұл секторда мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді көбейту қажет», - деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұл электр станциялары қоқыс полигондарында орналасады және бірнеше мәселенің шешілуіне көмектеседі.
«Қатты қалдықтарды өңдеу жөніндегі жобалардан басқа, қоқыс полигондардың негізінде биоэлектростанциялар орнатылады деп күтудеміз. Бұл қоқыстарды басқару, экологиялық таза энергияны өндіруде қоқысты қайталама шикізат ретінде қолдану сынды бірнеше мәселені қатар шешеді», - деді ол.
Айта кетейік, Энергетика министрлігі осы жылдан бастап энергияның баламалы көздерінің жаңа жобалары бойынша аукцион жүйесін енгізді. Осы жылдың мамыр айында қуаттылығы аз саналатын 10-20 мегаВаттқа дейінгі аукциондардың алғашқы раунды сәтті өтті. 10 жобаның 8-і қолдау тапты. Тиісінше, ендігі кезекте бұл жобалар жүзеге асырылғалы жатыр. Екінші раунд осы жылдың қазанында өткізілді және онда инвесторларға жалпы қуаты 15 МВт болатын биоэлектр станцияларын тұрғызу ұсынылды.
01 қараша 2018 ж. 1 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 901
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930