» » Қазақстанда АИ-92 бензині тағы қымбаттады

Қазақстанда АИ-92 бензині тағы қымбаттады

Қазақстанда дизель мен газдан бөлек бензиннің де бағасы қымбаттап жатыр. Жанармайдың құны әсіресе солтүстік өңірлерде көтерілген, деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы. 

2020 жылдың қаңтар айынан бастап жанармай бағасы 10 теңгеге қымбаттайды
Халық бағаның бес теңгеге қымбаттағанын қазірден бастап сезінуде. Айтуларынша, жағармай бекетіне барсаң жанар-жағармайдың тапшы. Ал бар жердің өзі тек талон талап етеді деп шағымданады. Оның үстіне, көрші Ресей жүргізушілерінің біздегі бензинді жаппай сатып алуы жанармай дефицитін тудыруда дейді.  
Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков жыл сайын 2-3 теңгеге қымбаттайтын бензинді Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстанмен теңестіру халықтың жағдайына сай емес дейді. Сарапшы жанармай құны сияқты қазақстандықтардың айлығы тез көтерілмейді дейді . 
“Жауапты министрлік Қазақстандағы бензин бағасын Ресеймен теңестіру керек деген ұсыныс айтты. Олардың ойларынша біздегі арзан жағармайды көрші елдің азаматтары әкетіп жатыр. Осылайша бензин тапшылығын шешеміз дегендері шығар. Бірақ, бірден 50-60 теңгеге өсірсе, жағдайды ушықтырып алады”, – дейді Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков  
27 қазан 2021 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 217
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031