» » Қазақстанда бензинді басқа елге сатуға тыйым салынды

Қазақстанда бензинді басқа елге сатуға тыйым салынды

Биыл жазда шекаралас елді-мекенде тұратын ресейлік жүргізушілер Қазақстан аумағына келіп, бензин таситыны анықталған. Қазақстан билігі 2 қарашадан бастап алты айға көліктерге бензин мен дизель отынын шығаруға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шектеулер «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін шығару жөніндегі» энергетика, қаржы, ішкі істер министріктері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің ортақ бұйрығында жазылған. Құжат ақпараттық-құқықтық «Әділет» сайтында жарияланды.
Бұл ресейлік және басқа шетелдік жүргізушілердің көліктеріне жанармай құюға тыйым салынады дегенді білдірмейді. Бірақ оларға 20 литрден артық канистрге бензин құюға тыйым салынады.
Биыл жазда шекаралас елді-мекенде тұратын ресейлік жүргізушілер Қазақстан аумағына келіп, бензин таситыны анықталған. Себебі, елде өндірілетін бензин Ресейдікіне қарағанда әлдеқайда арзан болып шыққан.
Сол кезде энергетика министрі Қанат Бозымбаев елде бензин бағасының арзандығынан Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға әкетіліп жатқанын айтқан. Оның сөзінше, әсіресе Ресеймен шекаралас елді-мекенге бензин құйып әкету үшін, күніне мыңдаған ресейлік көлік кіреді екен.
05 қараша 2019 ж. 1 078 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 100

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 471

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031