» » Отандық мұнай өңдеу зауыттары шетелге бензин сатуды бастады

Отандық мұнай өңдеу зауыттары шетелге бензин сатуды бастады

Отандық мұнай өңдеу зауыттары күзден бастап шетелге бензин тасымалын жүзеге асырады. Дайын ашық түсті жанар-жағармайдың алғашқы 50 мың тонналық партиясы көршілес Қырғызстанға жөнелтілді. Келешекте өнім көлемі арта береді. Бұл туралы сала мамандары Павлодар қаласында өткен «Қазақстанның мұнай өңдеу саласы. Жаңғырту жұмыстарының қорытындылары» тақырыбын арқау еткен конференцияда мәлімдеді. Шара барысында қазақстандық мұнай өңдеу саласының бүгіні мен ертеңі, болашаққа бағдарлаған жоспарлар туралы сөз болды. Қазіргі таңда ішкі нарықтың ашық түсті мұнай сұрыптарына деген сұранысы 9,5 млн. тоннаны құрайды. Олардың қатарында дизель отыны, әуекеросині мен бензин бар. Сонымен қатар әуе жанар-жағармай керосині де шығарыла бастайды. Жоспарға сай үш зауыт шамамен 900 мың тонна өнім береді деп күтілуде. Бұл қазақстандық әуекомпанияларының сұранысын өтеуге жетеді. Шухрат Данбай, ұлттық компанияның мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры: - Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы келісімшарт негізінде 92-бензиннің алғашқы партиясын жөнелдеміз. Бүгінге Павлодар мұнай-химия зауыты авиациялық жанар-жағармай өндірісін жандандырды. РТ (эртэ) жоғары сапалы реактивті өнімге отандық әуекомпаниялар тарапынан қызығушылық жоғары. Бұл ішкі нарықтағы жағдайға әсер етті. Бүгінде көтерме баға 20-30%-ға төмендеді.  Айта кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытында жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Ал қыркүйек айында Атырау және Шымкент зауыттарында К-4 экологиялық стандартты бензиндерін өндіру көлемі артады. Конференцияға қатысқан қауым мұнай өнімдерін өңдеу саласындағы жаңашылдықтар мен төртінші мұнай-химия зауытының құрылысы туралы сөз қозғады. Заманауи технологиялардың әлемдік өндірушілері отандық компаниялармен әріптестік орнатуға бар. Александр Антонов, шетелдік компания өкілі /Дания/: - Қазақстанда төртінші мұнай зауыты салынатынынан хабардармыз. Бұл нарықта технология ұсынатын кәсіпорындардың барын айғақтайды. Біз осы оқиғаны асыға күтудеміз және әріптес болудан үміттеміз. Жан-Филипп Тадиелло, шетелдік компания өкілі /Франция/: - Қазақстанның мұнай өңдеу нарығының болашағы зор деп білеміз. Себебі, Қазақ елінің өз сұранысын өтеуге қауқары бар табиғи ресурстар бар. Сондықтан бұл нарық біз үшін зор маңызға ие.www.24.kz
01 қыркүйек 2018 ж. 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 116

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930