» » Мұнай ұрлағандарға үкім шықты

Мұнай ұрлағандарға үкім шықты

Атышулы мұнай ұрлығына байланысты сот үкімі шықты. Ұзын саны 21 адамды айыпталушы қатарға қосқан оқиға естеріңізде болса, өткен жылдың мамыр айында басталған еді. ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ-нің бірлесе жүргізген операциясы арнайы заңсыз мұнай ұрлаушыларды қолға түсіруге бағытталған-ды.
Қолға түскендердің ішінде қызылордалық кәсіпкерлер, мұнай компанияларының, күзет саласының, сондай-ақ құқық қорғау органдарының лауазымды қызметкерлері бар. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында ұйымдасқан екі топ бар екені мәлім болды. Жеке кәсіпкер Г.К. және Г.Ж.-ның басқаруымен, Қызылорда облысы аумағындағы Қоныс, Қарағанды облысы аумағындағы Жыланды қыр кен орындарында, Тұзкөл-Құмкөл, Шымкент-Павлодар мұнай құбырында ойға алған әккі мақсаттарын іске асырғаны туралы айтылады ақпаратта.
Ұрланған мұнай қызылордалық жеке кәсіпкер К.Б.-ның басқаруымен серіктестік арқылы жөнелтіліп отырған. Бұл іске «Әлем Қызмет group» ЖШС мекемесінің жалған құжаттары пайдаланған. Ал мұнай отандық және қырғызстандық сұнай өңдеу зауыттарына сатылғаны мәлім болды. Ұйымдасқан топ ішіндегі 5 азамат бұрын да дәл осындай қылмыс бойынша істі болған. Бұрынғы полиция полковнигі Б.У. өткен жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлық сипаттамасымен істі болған.
Аталған іске қатысты осыған дейін бірнеше мәрте сот отырысы өткен. 90-нан астам куәгер тыңдалды, дәлелдемелер негізге алынды. Айыпталушылардың бір бөлігі өз кінәларын толық мойындап, құқық қорғау органдарымен әріптестікке келісім берген. Ал бес айыпталушы кінәні мойнына алған жоқ.
Сот отырысының нәтижесінде ұйымдасқан топтың басшысы К.Б. 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Ал бұрынғы полковник Б.У. 9 жылға темір тордың арғы бетіне тоғытылды. Сондай-ақ, сотталғандардың дүние-мүлкі тәркіленеді. Ал басқа қатысушылар 5-9 жыл аралығында арқалап кете барды.
Айта кетейік, бұған дейн аталған іске қатысты авторитеттердің бірі С.У мен бұрынғы көлік прокуроры Н.С.-ға қатысты да үкім шығарылған болатын.
«ҚТ» ақпарат.
09 маусым 2018 ж. 1 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930