» » Жанармай: Шешім қайда?

Жанармай: Шешім қайда?

– Бірде-бір жанар-жағармай беке­тінде бензин жоқ. Жолаушылар трассада ұзын-сонар кезекте тұр. Міне бейнежазбасы...
– Мәссаған...
Бұл – жақында ғана алысқа жол жүріп, жол бойында тап болған көрінісінің әсерімен бөліскен аудан тұрғыны. Әсіресе, халықтық сұранысқа ие бензиннің бәсі бірден қымбат­тағанымен жанармай тапшылығы жо­йылар емес дейді ол. Расымен солай ма?
Жалпы, бензин бағасының көтерілуі тұрмысқа қажетті барлық тұтыну тауарларының бәсіне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Азын-аулақ жалақысы мен зейнетақысына ғана қарап отырған қарапайым жұртшылыққа бататыны да осы жағы. Салыстырып қарасаңыз, азық-түліктің де аз да болса өскенін байқайсыз. Ал кент ішінде жүретін такси бағасының 150 теңгеден 200, одан 250 теңгеге, арғы бетке дейін 300-ден 350-ге дейін қымбаттағаны жұртшылықтың шамына тиюде. Әрине, нарық талап етсе, баға да ойнайды.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басында бензин 0,5 процентке қымбаттапты. Қазақстандағы АИ-92 литрінің орташа бағасы – 151,3 теңге, АИ-95/96 – 172,3 теңге, АИ-98 – 191,4 теңге. Бұл – ақпандағы мәлімет. «Жанармай бағасы алдағы уақытта тағы қымбаттауы бек мүмкін» деген болжам болды. Енді міне, бағаға бұғау болмай тұр. Ал жанармай қымбаттаса халыққа қажеттінің барлығы қоса қымбаттап шыға келетіні тағы бар. Сонда оның шешімі қандай болмақ?
Бірнеше күннен бері облыс аумағында мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензин мен дизель отынына тапшылық туындауда. Көрген көз дәлел болса, мамандар да оның шешу жолын қарастырып әлек. Қош. Облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәліметінше, аймақта 146 жанар-жағармай бекеті бар. Бүгінде орташа есеппен АИ-92 бензині – 170,4 теңге, АИ-95 – 188,2 теңге, дизель отыны – 188 теңгенің шамасында сатылуда. «Өзге облыстармен салыстырсақ, аймақта жанар-жағармай бағасы төмен» дейді мамандар.
Соңғы мәліметке сәйкес, облыста АИ-92 – 2110,0 тонна, дизельдің – 3020,0 тонна қоры бар. Сәйкесінше ол 13 және 16 күнге жеткілікті (22 маусымдағы мәлімет). Жақын уақытта облысқа Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауытынан 1103,0 тонна АИ-92 маркалы бензин және 1553 тонна дизель отыны жеткізілмек. Ал мәселенің өзегі қайда?
Мамандардың айтуынша, жанар-жағармайдың тапшылығы елдегі мұнай өндеу зауыттарында жыл сайынғы жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуінен және тасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігінен орын алып отыр. Бензин тапшылығын болдырмау мақсатында мұнай өнімдері зауыттары толық қуатта жұмыс істеуде, әрі қор жеткілікті.
Айта кеткен жөн, бүгінде «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп мәселе шешілуде. Мұнай өңдеу зауыттарымен жұмыс жасалып, қосымша өнімдерді тиеу жұмыстары пысықталуда. Ал өзекті мәселенің өзі облыс әкімдігінің қатаң бақылауында екенін жеткізеді олар.

Айнұр ӘЛИ

29 маусым 2021 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031