» » Бензин ең басты экспорттық тауардың біріне айналды — ел ішіндегі бағасы арзандады

Бензин ең басты экспорттық тауардың біріне айналды — ел ішіндегі бағасы арзандады


Қазақстан бірінші тоқсанда шетелге  бензин сатып 60 млн долларға жуық пайда тапты. Бұрын импорттауға соншалықты қаржы жұмсалатын.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың наурыз айында еліміз 60,3 мың тонна жанармай экспорттаған. Салыстыратын болсақ 2019 жылы сату көлемі 54,1 мың тоннаны құрады.
Наурыз айындағы жалпы мәмілелер сомасы – $29 млн, өткен жылға қарағанда 2,1 млн-ға көп
Айдың қорытындысы бойынша, алдында ғана көбінесе импортталатын тауарлардың бірі бензин ең маңызды экспорттық позицияларға ие болды. Оны сатудан түскен табыс ұннан, арпадан, көмірден және басқа да көптеген тауарлардан асып түсті. Республикаға тек 11 тауар тобы ғана көп қаражат әкелді. Олардың көпшілігі — пайдалы қазбалар.
Қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша шетелдік бензин сатылымы 124,8 мың тоннаны, ал сатылған отынның жалпы құны 59,4 млн долларды құрады.
Қазақстандық бензиннің басты сатып алушылары Еуропа елдері болып табылады
Барлық экспорттың жартысынан астамын Нидерланды қамтамасыз етеді – 62,7 мың тонна және $ 30,1 млн. Мұнда Атырау мұнай өндіру зауытында шығарылған бензин сатылады.
Ауғанстан да салыстырмалы түрде ірі өткізу нарығы, онда 35,3 мың тонна (негізінен Шымкент өндірісі) және $15,9 млн қаржыға бензин сатылады.
Тәжікстанға $10,5 млн сомасына  21,2 мың тонна (Батыс Қазақстан облысы мен Шымкенттен) жанармай жіберіледі. Сондай-ақ отандық отынды 2020 жылы Өзбекстан, Грузия және Моңғолия сатып алды, сатудың жиынтық көлемі 2,9 млн долларды құрады.

Өндіріс көлемі артып жатыр ма?

Экспорттың өсуі өндірістің ұлғаюы аясында жүріп жатыр. Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде республикада 1 млн 463,6 мың тонна бензин өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 20%-ға артық. Абсолюттік мәнде айырмашылық 241,5 мың тоннаны құрады.
Дегенмен, соңғы айларда жоғары динамика байқалмайды. 2019 жылдың желтоқсанында өндірістің айлық рекорды 469,2 мың тоннаны құрады, бұл жаңа тарихи рекорд болды. Келесі төрт ай — өнлдіріс көлемі бірыңғай төмендеді. Нәтижесінде сәуір айының қорытындысы 38,3%-ға (289,4 мың тоннаға дейін) азырақ өндірілді. Жалпы соңғы айдың көрсеткіші 2019 жылдың наурызынан бері қарай тіркелген ең нашар көрсеткіш болды.
Сонымен қатар, 2019 жылдың сәуірінде бензин өндіру көлемі 305,6 мың тоннаны, бір жыл өткен соң – 289,6 мың тоннаны құрады. Жыл өткен сайын өндіріс көлемінің қысқаруы жиі болатын құбылыс емес. Соңғы үш жылда бұл тек үшінші рет болып отыр (осыған ұқсас қысқару 2017 жылдың желтоқсан айында және 2019 жылдың наурыз айында).

Ішкі нарықтағы баға арзандады

Отын сұранысын азайтуға бағытталған әкімшілік шаралардың арқасында Қазақстанда бензин бағасы төмендеді. Ресми мәліметтер бойынша, оның құны сәуір айында 1,3%-ға қысқарды. Бұл 2019 жылдың ақпан айында бері қарай тіркелген ең жоғары айлық төмендету көрсеткіші  (-1,4%).
Сонымен қатар, сәуірде қараша айынан бастап алғаш рет бензин бағасы төмендеді. Қаңтар-наурыз айларында олар 5,5%-ға өсті.
Және бұл:
  • 2017 жылғы IV тоқсанда ең жоғары тоқсандық өсім болды (8,1%)
  • 2017 соңынан бері  үш ай бойы бензин бағасының тұрақты түрде өсуі тіркелмеген еді
Салыстыратын болсақ сәуір айында республикада дизель отынының құны 2,3%-ға төмендеді. Бұл 2015 жылдың ақпанынан бастап ең үлкен айлық төмендеуі. Соңғы рет ДО бағасы 2020 жылғы қаңтар айында өскен еді, ресми деректер бойынша, оның құны 0,3%-ға өсті.




03 маусым 2020 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 101

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031