Баға тұрақтылығы назарға алынды
"AMANAT" ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН МОНИТОРИНГТІК ЖҰМЫСШЫ ТОП МҮШЕЛЕРІ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС КЕНТ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІ, ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІ ЖӘНЕ ДӘРІХАНАЛАРДА БОЛЫП, ХАЛЫҚ ТҰТЫНАТЫН ТАУАР БАҒАЛАРЫНА САРАПТАМА ЖҮРГІЗДІ.
Мониторинг топ құрамында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Дастан Буханов, аудандық мәслихат депутаты Бақытжан Нысанбаев және партиялық бақылау комиссия мүшелері қатысты.
Партиялық бақылау топ алдымен «Qazaq oil» және «TS» жанар-жағармай құю бекеттерін аралап, ондағы баға тұрақтылығы мен қорының жеткіліктігі сұралды. Бақылау барысында «Qazaq oil» жанармай құю бекетінде дизель отынының бағасы шетелдік азаматтарға литрі 450 теңге, ал қазақстандық азаматтарға 230 теңгеден сатылып жатқандығы байқалды. Тіпті дизель отынының тапшылығына байланысты кейбір бекеттерде әр көлікке литрі 300 теңгеден артық сатылмайтындығы анықталды. Одан бөлек газ сұйық отыны талонмен берілуде. Қазір егін жинау науқанының басталуына орай партия филиалы жанармай құю бекеттеріндегі дизель отыны бағасының тұрақтылығын назарда ұстау мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстарын жалғастыратын болады.
Одан кейін мониторингтік топ аудан орталығындағы сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді. Кәсіпкерлерге азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз көтермеу туралы түсіндірді.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ