» » Азық-түлік бағаларына партиялық мониторинг жалғасуда

Азық-түлік бағаларына партиялық мониторинг жалғасуда

«AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанынан аудан бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөнінде мониторингтік жұмысшы тобы құрылды.
Мониторингтік топтың құрамында «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Дастан Буханов, партия ардагері, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Гүлжауһар Раева, «Сырдария» бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Сайдулла, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы С.Райымбаева қатысты.
Мониторингтік топ Жосалы кентіндегі «Орда», «Достық», «Мағжан», «Ұлар», «Аягөз» сауда орталықтарын аралады. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сатылымдағы бағаларына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ондағы ахуалмен егжей-тегжейлі танысып, жеке кәсіпкерлік субьектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерінен асырмау жөнінде ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
04 тамыз 2022 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930