» » Қазақстанда азық-түлік бағасы төмендеді

Қазақстанда азық-түлік бағасы төмендеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

азық түлік
Жиын барысында өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендегені белгілі болды. Бағаның ең көп төмендеуі Түркістан облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (-0,6%), Жамбыл облысында (-0,3%), Шымкент қаласында (-0,2%) тіркелді.
Тауарлар бөлінісінде республика бойынша сәбіз (-2,2%), картоп (-0,5%), пияз және рожки (-0,4%), сиыр еті (-0,3%), күріш (-0,2%), сүт және қарақұмық (-0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдер бойынша бағалар тұрақты.
Премьер-Министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
"Бағаны төмендету қарқынын арттыру және мереке алдындағы кезеңде барлық қолданыстағы құралдарды қолдана отырып, барынша бақылауды қамтамасыз ету қажет. Тауар интервенциясын уақытылы жүргізу және келісімшарт жасалған көлемдердің жеткізілуін қамтамасыз ету қажет. Мереке күндері тауарлардың жасанды тапшылығына жол беруге болмайды", — деді А. Мамин.
26 желтоқсан 2021 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930