» » Азық-түлік: баға ырыққа көнді ме?

Азық-түлік: баға ырыққа көнді ме?


Осыдан бірер күн бұрын үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 7 айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты туралы баяндады. Айтуынша, шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4 процентке өсіп, 10,4 млрд долларды құраған. Онымен қоса министр жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының қымбаттағанын да айтты. Азық-түлік бағасы елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда оңтүстік өңірде қымбаттай бастаған.
– Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,7 процентке өсті. Жалпы өсудегі үлесі 5,9 проценттік тармақты құрап отырған көкөністер едәуір қымбаттады, – деді министр.
Сондай-ақ, ол ішкі нарықты жаңа піскен отандық көкөністерімен қанықтыру нәтижесінде тамыз айының ортасынан бастап бағалар тұрақтанып, төмендей бастағанып айтты. Ал соңғы 3 аптада бағалар 0,7 проценттік тармаққа төмендеген. Ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп 64 процент, сәбіз 54 процент, пияз 4 процент, қырыққабат 2 процентке арзандаған. Оның дерегінше, бағаның ең жоғары өсуі 11,4 процент – Түркістан облысында және 11,0 процент – Қызылорда облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Ал бағаның ең төмен өсуі 8,6 процент – Қарағанды облысында, 8,9 процент – Алматы қаласында және 9,2 процент – Алматы облысында белгіленген. 
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың дерегінше, биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4 процентке өсіп, 10,4 млрд долларды құраған. Соның ішінде, өсу драйверлері мыс пен катодтардың экспорты 40 процент, ферроқорытпалар жеткізу 26,7 процент, сондай-ақ болат прокатын жеткізу 95,4 процентке өскен. Министрдің айтуынша, пандемия салдары қызмет көрсету нарығына әсер еткен. «Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қызметтер экспорты 21,2 процент немесе 1,5 млрд доллардан 1,2 млрд долларға дейін қысқарды» деді министр.
Сонымен бірге шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайту мақсатында экспортқа бағдарланған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту қажеттігін атап өтті. Инвестициялық жобаларды келісу кезінде шарттардың бірі шикізаттық емес тауарлардың экспортқа бағдарлануы тиіс. Ал ішкі сауда саласында оң динамика байқалады. Мәселен, саудадағы жалпы қосылған құнның нақты көлем индексі ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 109,1 процентті құраған.
Оның айтуынша, электрондық коммерцияның белсенді дамуы жалғасуда. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесі 12,2 процентті құрады, бұл 2020 жылдан 2,5 проценттік тармаққа жоғары. Демек ішкі сауданың даму көрсеткіштері бизнестің қазіргі жағдайларға бейімделгенін, одан әрі дамып келе жатқанын көрсетеді.
Дайындаған Айнұр ӘЛИ
18 қыркүйек 2021 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031