» » Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына партиялық мониторинг жүргізілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына партиялық мониторинг жүргізілді

«AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанынан аудан бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөнінде мониторингтік жұмысшы тобы құрылды.
Мониторингтік топтың құрамында «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Дастан Буханов, партия ардагері, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Гүлжауһар Раева, аудандық маслихат депутаты Айдынбек Скендиров, «Жасталап» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сырым Әділбеков қатысты.
Осы орайда, мониторингтік топ Жосалы кентіндегі «Эльдорадо», «Рүстем», «Алтын Орда», сауда орталықтарын аралау барысында Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сатылымдағы бағаларына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ондағы ахуалмен егжей-тегжейлі танысып, жеке кәсіпкерлік субьектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерінен асырмау жөнінде ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

02 тамыз 2022 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 802
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930