» » Ұлттық дәстүр жаңғырды

Ұлттық дәстүр жаңғырды

qarmaqshy-tany.kz ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ НАУРЫЗДЫ БІР КҮН ЕМЕС, ТҰТАС АЙ БОЙЫ ТОЙЛАП, ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫП, ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТКІЗГЕН. ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ АЙМАҒЫ ТОЙЛАСА, ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ДА БҰЛ КҮНДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ.
Жосалы кенті тұрғындарына «Құсқана» атауымен танылған аймақта 1969 жылғы туған азаматтардың бастауымен жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі Наурыз мерекесі биыл да аса ұйымшылдықпен өткізілді. Аймақтың 1979 және одан кейінгі жылдарда дүниеге келген жастарының ұйымдастыруымен Әбдікешов көшесінде өткен Наурыз мерекесінде алдымен өмірден өткен әруақтарға Құран бағышталып, оның жалғасы наурыз көже таратумен жалғасты.
Шарада спорттық ойындар ұйымдастырылып, жұртшылықты бір көтеріп тастады. Атап айтар болсақ, жас бозкілем шеберлері арасында ұйымдастырылған түйе балуандар белдесуінде жеңімпазға тігілген тайды қазақ күресі бойынша жасөспірімдер арасында өткізілген көптеген дүбірлі жарыстың жеңімпазы Дінмұхаммед Алтай еншілесе, арқан тартуда 1983 жылғылардың мерейі үстем болды. Ал гір тасын көтеруде Жасұлан Досымов, 25 келілік күрішті көтеруде Жақсылық Наурызбаев, қол күресі жарысында Борис Леденев көш басынан көрінсе, тай көтеру жарысында Ораз Үсенов жарысқа тағайындалған тайды иемденіп, абырой биігінен көрінді.
Мереке аясында осы аймақта тұратын, өңіріміздің спорт саласының дамуына ерекше үлес қосқан Төленді Мырзабаев, Әлмамбет Райсов, Әлжан Төремаханов, Жоламан Райсов, Рақым Қайырбаев, Ибрагим Дүйсеков, Шәми Қожахметовтерге шапан жауып құрмет көрсетілді.
Мерекені ұйымдастырушылар аймақ тұрғындары мен қонақтарға дастарқан жайды. Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор болып өткен шараны тамашалаған жұртшылық жастарға алғаусыз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
25 наурыз 2023 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 440
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 241

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930