» » Байқоңырдағы Әз-Наурыз

Байқоңырдағы Әз-Наурыз

Тарихы тереңді бойлаған әз-Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін қай кезде де еңсесі биік, іргесі сөгілмес елдік пен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Расында да, қазақ халқы үшін Нау­рыз – көктем мен жаңаруды айшықтайтын, мерейі тасыған ұлық мереке. Өткенді саралап, болжайтын кезең. Күллі Шығыс елдері халқының ортақ мейрамы.
Міне, бірнеше күннен бері еліміздің барлық аймағында тойланып жатқан әз-Наурыз мерекесін байқоңырлықтар да жо­ғары деңгейде атап өтті. Қаланың ор­талық алаңында қазақы ою-өрнекпен нақышталған, «Ұстаздар», «Денсаулық сақшылары» , «Кәсіпкерлер», «Халық Банкі» және «Бәйтерек» ауылы атауымен тігілген ақшаңқан киіз үйлер айналасында ұлттық киіммен би билеп, нақышына келтіре орындаған әсем әндерімен жұртшылық назарын өздеріне аударған бойжеткен мен бозбалалар мерекенің ажарын ашты. Киіз үйлер жанында орнатылған алтыбақанда жастар тербетіле ән шырқады, балалар асық, арқан тарту және басқа да ойындарын ойнап жатса, ұлттық дәстүрде киінген ата-әжелер құшақтаса бір-біріне амандық саулық тіледі.
Қалалық мәдениет үйі көркемөнер­паз­дарының қазақи салт-дәстүрді арқау еткен қойылымымен, содан кейін қала басшысының орынбасары Виктор Лопаткин мен Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашовтың қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, ыстық ықыластарын жеткізуімен басталған мереке, одан әрі Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Наурыз аруы» және «Наурыз сұлтаны» қалалық байқауының жүлдегелерін марапаттауға ұласты.
Нақтысын айтқанда, Виктор Лопаткин мен Сұлтан Мақашов бастаған қадірменді қонақтар байқау жеңімпаздары Аружан Жұмажанова мен Айдын Жарылқағановқа және басқа да жүлдегерлерге сый-құрмет көрсетті. Содан кейін мәртебелі меймандар жер бетінде алғашқы қадамын тәй-тәй басқан екі сәбидің тұсауын кесіп, батасын берді.
Одан әрі мерекені тамашалауға жиналған жұртшылық қала көркемөнерпаздары ұйым­дастырған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Мерекелік шара барысында киіз үйлерде дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Сонымен бірге, ұлттық, атап айтқанда жасөспірімдер арасында қазақ күресі мен басқа да спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы.
27 наурыз 2019 ж. 1 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031