» » Тіршілік атаулының бастауы

Тіршілік атаулының бастауы

qarmaqshy-tany.kz Жылт еткен жаңалыққа жанымыз құмар. Апта ортасында аудандық емхананың аналарға арналған ісшарасынан табылдық. Наурыз айындағы қай мереке болсын иісі қазақ үшін мол мағынаға толы.
"Жылы жүрек" деп аталған дөңгелек үстел отырысында бірқатар аналар мен қыз-келіншектер бас қосты. Олардың қатарында медицина саласының ардагерлері, қызметкерлері, қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Отырыстың әлқиссасы мерекелік құттықтаумен ашылып, марапатқа ұласты. Еңбекте, отбасында берекенің ұйытқысы болған бірқатар аналар аудандық қоғамдық даму бөлімінің және аудандық емхананың Алғыс, Құттықтау хаттарымен мадақталды.
Басқосуда аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Гүлжауһар Раева, аудандық емхананың бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары Пәрида Сарыбаева, ардагер дәрігер, жеке коордиология кабинетін ашып отырған кәсіпкер ана, өнегелі әже Айман Аққасынова, ардагер дәрігер, медицина саласында басшылық қызметтер атқарған өз ісінің шебері, немерелерінің сүйікті әжесі Әсия Бекбергенова, білікті көз дәрігері, көпбалалы ана, отбасылық дәрігерлер династиясының өкілі Зағипа Көпбергенова, медицина бикесі болып ұзақ жылдар қызмет атқарған, көпбалалы ана Күләш Орынбаева, сала ардагері, үлгілі отанасы Қатира Құрақбаевалар жанұя жылылығы, аналардың қоғамдағы рөлі жайында ұлағатты әңгімелер қозғады.
Сонымен қатар, іс-шараға қонақ болып қатысқан қоғам белсендісі, қайырымдылық іс-шараларының ұйымдастырушысы, акушер Әсем Мерекова, емхана қызметкерлері, көпбалалы ана Збира Камулова, "Алтын алқа" иегері, 8 ұл-қыздың анасы Гүлмира Жұбанова, 30 жасында "Күміс алқа" тағынып, ибалы келін атанған медбике Әлия Қалыбекова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы, жас ана Әсем Бүркітбаева, "Шипагер" емханасының кіші аяжаны, көпбалалы ана Эльмира Әбдірамановалар ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, отбасылық тәжірибелерін ортаға салды.
Жиында барлық қатысушыға аудандық емхана тарапынан сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік шараны аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі, сала біліктісі Пәрида Сарыбаева қорытындылап, нәзік жандарға аналық алғысын білдірді.
Көптің көңілінен шығып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысын аудандық емхананың психологі, облыс әкімі жанындағы отбасылық істер жөніндегі комиссияның мүшесі Әмина Тахирқызы жүргізді.
Іс-шарада медицина саласында еселі еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер ән мен жырдан шашу шашса, сала ардагері Айман Аққасынова ақ батасын берді.
Үстел басындағы бірнеше буын өкілінің лебізі, пікір алмасу, ой бөлісулер – ортақ тұжырымға әкелгендей: ол – ана мен баланың амандығы, отбасындағы бірлік пен береке. Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық. Осы дүниелерді біріктіретін берік қамал – еразаматқа деген сенім мен құрмет!
С.АҚКІСІ
20 наурыз 2023 ж. 364 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 336

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 421

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930