"Жылы жүрек"

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы Аудандық Орталық Аурухананың емхана бөлімінде құрметті қонақтар - Қармақшы Аудандық Әйелдер Кеңесінің төрайымы Raeva Гүлжаухар, аудан айнасы "Қармақшы таңы" газетінің бас редакторы Сарсенкуль Райымбаева, "Аудандық қоғамдық даму бөлмінің" маманы Әсем Бүркітбаеваның қатысуымен "Жылы жүрек" атты мерекелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға медицина саласындағы ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан өнегелі аналар мен аурухана, емханада қызмет жасайтын көпбалалы жас аналар шақырылды. Дөңгелек үстелді аурухананың бас дәрігері Бакытжан Нысанбаев ашып, аналарды келе жатқан жыл басы - Наурызбен құттықтап, шараның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Бақытжан Сағилатұлы, Гүлжаухар Төлегенқызы үлгілі аналарымыздың бірқатарын Аудандық қоғамдық даму бөлімінің "Алғыс хатымен" және мекеме басшысының "Құттықтау хатымен" марапаттады. Сый-сияпаттар жасалып, аналар қуанышы раушан гүлдермен еселенді.
Қазіргі қоғамдағы аналар рөлі,бала тәрбиесі, ата-ананың балаға өнегесі, жауапкершілігі, отбасылық құндылықтар жайлы тақырыптарға қоса, қазіргі кезде көпшілік талқысына түсіп жатқан "Мектепте мұғалім мен балаға ұялы телефонның қажеті бар ма?" деген тақырыптар төңірегінде жақсы әңгіме өрбіп, пікірлер ортаға салынды. Аналармен тренинг жасалынып, кері байланыстар орнады. Үлкендерден бата алу жоралғысы жасалып, Аққасынова Айман Жарылқасынқызы мәнді де құнды батасын берді.
Мерекелік күй сыйлау мақсатында аналарға арналған жақсы термелер жырланып,әндерден шашу шашылды. Мұндай іс-шаралар аз да болса аналар көңілін көтеріп, рухани күш сыйлаумен қатар еркін форматта жақсы ойсаларлық дүние.
Аудандық Аналар кеңесінің мүшесі, аурухананың психологы және Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығының психологы, облыстық Отбасы істері жөніндегі комиссияның мүшесі Әмина Кетебаеваларда қатысты.
16 наурыз 2023 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930