Өмір шуағы
qarmaqshy-tany.kz АНАЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ ДҮР ОҢҒАР АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АУЫЛДЫҚ ӘЙЕЛАНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, АУЫЛ ӘКІМІ МЕН "ЖАҢАЖОЛ" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚОЛДАУДЕМЕУШІЛІГІМЕН "АНА – ӨМІР ШУАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ.
Мерейлі күнде сахна төріне шыққан Жаңажол ауылдық округінің әкімі Әбимүсілім Қоқанов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытбек Тәуекелов, "Жаңажол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Орынбасар Төлепов және аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Гүлжауһар Раевалар құттықтау сөз сөйлеп, аналар қауымына шын жүректен лебізін білдірді.
Ауыл әкімі Әбимүсілім Алпуанұлы бірқатар ардақты аналарға, әр салада абыройлы еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстап, сияпат көрсетті. Сондай-ақ, Бүкілодақтық Прасковья Ангелина атындағы жүлденің лауреаты, озат механизатор, еңбек ардагері Күләнда Байсейітоваға арнайы құрмет көрсетіліп, қаржылай сый жасалды.
Салтанатта өнерпаздар Азамат Алтай, Еркеназ Нұртаева, Мәдина Нұрболқызы, Ержан Алпысбаев, тағы басқалар аналарға мерекелік ән шашуын арнаса, DM тобының бишілері мың бұрала билеп, қошеметке ие болды. Жиналған көпшілік елді мекенде халыққа қызмет етіп жүрген аналар мен қыз-келіншектердің жұмыс сәтіндегі көріністерін көгілдір экран арқылы тамашалады.
Мереке соңында шаруашылықтың демеушілігімен ауыл аналарына кең дастарқан жайылып, ауылдың барша нәзік жандарына сыйлықтар тапсырылды.
Салтанатты басқосуға аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Нұршат Наурызбаева, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева, аудандық емхананың психологы Әмина Кетебаевалар қатысты.
С.АҚКІСІ