» » Мерекеде дүниеге сәби келді

Мерекеде дүниеге сәби келді

"Отан отбасынан басталады" деген жақсы тәмсіл бар. Бейбіт елде әр отбасының тату-тәтті өмір сүріп, дүниеге перзент әкелуі сол шаңырақтағы үлкен қуаныш. 15 мамыр – халықаралық отбасы күні. Осы атаулы күнде сәбилер алғаш өмірінің есігін ашты. Ерекше күн ескерусіз қалмасын деп аудандық СӨСҚО-ның маманы А.Нұрмағанбетова мен ЖДО-ның маманы Қ.Алданазарова, аудандық емхана мамандары мереке күні дүниеге перзент әкелген аяулы аналарды, жаңа туған балапандарды құттықтады. Шараға перзентхана бөлімінің меңгерушісі дәрігер-гинеколог Раяш Шәкенқызы мен аудандық емхананың ана мен бала жөніндегі орынбасары Фарида Сарыбаева қатысып, аналарға жылы лебіздерін білдірді. Аналарға құттықтау хат, балаларға қажетті заттар жиынтығын табыстады. Өз кезегінде жас аналар да ризашылығы мен алғысын жеткізді.
– Қазақта «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген сөз бар. Иә, әрбір адам дүниеге келгенде аспанда жаңа бір жұлдыз жанады. Міне, дәл қазір түнгі аспанға нұрын шашқан жұлдыздардың саны тағы бірнешеге көбейді. Жарық дүние есігін жаңа ашқан періштелеріміз сол жұлдыздай жарқырап ортамызға қуаныш алып келсін, – дейді емхана мамандары.
Айнұр ӘЛИ
16 мамыр 2020 ж. 2 026 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930