» » "Сырғалым - сырласым"

"Сырғалым - сырласым"

qarmaqshy-tany.kz Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің "Сырғалым-сырласым" атты қыздар мен жеңгелердің сайысы болды.
Жалпы қыз-қызғалдақтардың тәрбиесінде жеңгелердің алатын орны ерекше. "Ұлт болам десең, бесігіңді түзе", "Қызға қырық үйден тыйым" деген ұлағатты сөздер астарында кең ұғым жатыр.
Келін мен қайынсіңлінің сыйластығы мен татулығының артында мықты аналар мен енелер тұрады. "Қызым, саған айтам, Келінім, сен тыңда" өз қызын да, келін боп түскен жас келінді де жылы жүрекпен, майда тілмен жақсы жолға бағыттаған. Осындай қыз бен жеңгенің достығын үлгі ету, дәріптеу шарада ауданымыздың  әділ төрешілер болды.
Келіннің сәлем салу, ат тергеу, келген елін таныстыру, өз өнерлерін көрсету, қыздарға лайық іскерлік, шеберлік жағынан қолөнерлерін жасауы, бейнеролик түсіріп, бірге ән шырқады, логикалық сұрақтар жауап берді.
Сайыстың аты сайыс. "Тұлпарда да тұлпар бар, қазанаты бір бөлек..." дегендей әр кезеңде әрбірі өзінше ерекшеліктерімен көзге түсті. Түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
16 наурыз 2023 ж. 1 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930