» » Пай -пай, қазақтың келіндері-ай

Пай -пай, қазақтың келіндері-ай

ЖОСАЛЫ, 7 наурыз – qarmaqshy-tany.kz БҮГІНГІ ҚЫЗ – ЕРТЕҢГІ АНА. ЕЛ ЕРТЕҢІН ТӘРБИЕЛЕП, ДАҢҒЫЛ ЖОЛҒА САЛАТЫН ДА ОСЫ – АНАЛАР. ДАНА ХАЛҚЫМЫЗ «ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ» ДЕМЕЙ МЕ? ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІН ҚҰРСАҚТАН БАСТАЙТЫН ҰЛТЫМЫЗ ҮШІН АНАҒА АРТЫЛАР ЖҮКТІҢ САЛМАҒЫ БӨЛЕК. СОЛ СЕБЕПТЕН ҰЛТТЫҚ САЛТДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАП, ӘДЕТ-ҒҰРПЫН БІЛУ – ӘРБІР КЕЛІННІҢ ПАРЫЗЫ.
   Осы орайда «Ертөстік» бөбекжайбақшасында «Балапан» тобының тәрбиешісі Айгүл Қорабаеваның ұйымдастыруымен тақырыпқа сай келіндер байқауы өтті. Оған тәрбиеленушілердің аналары қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс алты кезең бойынша өрбіді. Ал келіндер өнерін таразыға салып, қазылық ету мекеме ардагерлері Бақыткүл Қамыратова, Зиракүл Қыпшақбаева, Күнсұлу Науанова, Ерке Назарқұловаға тапсырылды. Бұл қатарды меңгеруші Айткүл Әбжалиева мен есепші Рахима Наурызбаева толықтырды. Сайыс басталмас бұрын келіндер таныстырылып, реттік нөмірлерін таңдады. Әрбір келін өзіне жарасымды кең етек көйлек киіп, шашақты орамал тағынған. Ибасы мен инабаттылығы ортаға шыға сала сәлем еткенінен-ақ байқалды.
   «Мен қазақтың келінімін» атты алғашқы кезең бойынша келіндер өздерін таныстырды. Жыр шумақтарын кестелеген аналар оған қоса арнайы бейнебаян да дайындаған. Ал екінші «Бәйге» кезеңінде қатысушылар салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға еш ойлануды қажет етпестен мүдірмей жауап берді. Сайыстың «Өнерлі келін – өнегелі келін» бөлімінде өз өнерін сынға салды. Бірі – әуелете ән салса, бірі – өз шығармашылығындағы өлеңді мәнеріне келтіре оқыды. Енді бірі – көз тартар моншақтан түрлі бұйым жасаса, екіншісі – аз уақытта ерекше безендірілген жеміс турамасын дайындап көпшілікті таңқалдырды. Өнерімен таңдай қақтырған келіндер «Ана көрген тон пішер» атты қолөнер бұйымдарын жасау кезеңінде көздің жауын алатын түрлі бұйым дайындаған. Тұмар, торсық, дорба, бесік, қызға арналған ұлттық киім, өңіржиек, диадема, сырға, фетрден дайындалған кітапшаны көргенде қызықпай қоймайсың. Сайыстың «Қонақ күте білеміз бе?» атты кезеңінде ұлттық тағам дайындап әкеліп, қалай жасалғанын түсіндірді. Ал байқаудың соңғы кезеңі мүлде ерекше. Қатысушылар сол сәтте қамыр жаюдан сыналды. Әділқазылар бұл сайыста олардың ұқыптылығын атап өтті. Барлығы бірдей орамалды дұрыс тағынып, алдарына алжапқыш байлағанын ерекше бағалады.
   Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Айдана Серік келіні иеленсе, ІІ орынды Алтынай Әскербек келіні қанжығасына байлады. Ал І орын Нұризат Сабырбекке бұйырса, бас жүлдеге Гүлжанат Әлжан келіні лайық деп танылды. Оларға дипломмен қатар бағалы сыйлық тапсырылды. Қатысушы келіндер сайысқа жоғары дайындықпен келген. Ол жөнінде ардагер-тәрбиеші Бақыткүл Қамыратова өз сөзінде былайша тоқталып өтті.
   – Сайыс өте жақсы ұйымдастырылған. Қызмет пен үй тірлігін үлгертіп жүрген келіндердің қолөнер бұйымын жасап, ас әзірлеп, байқауға жоғары дайындықпен келуінің өзі өнеге. Қай іске де епті, өнерлі, заманға сай білімді, ширақ қимылдайтын, дәстүрді дәріптейтін келіндерді көріп қуанып отырмыз. Болашағымыз сендер тәрбиелеген ұрпақтың қолында. Барлығың да «қазақтың үлгілі келіні» деген атқа лайықсыңдар, – дейді ардагер-тәрбиеші.
   Мұнан кейін бөбекжай-бақша меңгерушісі Айткүл Әбжалиева сайысқа қатысқан келіндерге, ұйымдастырушы ұжымға, төрелік еткен ұлағатты аналарға алғысын білдірді.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
07 наурыз 2020 ж. 1 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031