» » Қызым саған айтамын...

Қызым саған айтамын...

«Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» демекші, қыз баланың тәрбиесіне жауапкершілікпен қараған елміз. Ене болу оңай. Жаңа түскен келінге ана бола білу ол аса мейрімділікті, өнегелілікті, көпті көргендікті керек етеді. Иманды да ибалы келін – тектіліктің тұғыры екенін білген текті әулет келінін жөнсіз тұқыртып сөкпейді. Сыйлайды. Алдымен қызына үйрете отырып, келінін тәрбиелеген.

«Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» дейді үлкендер. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзінше қымбат. Қыз бала болғасын қырық үйден тыйым болады. Келін болғанымызға 36 жыл болса да әлі де ескертулерді ақыл деп қабылдаймыз. Енем қатаң да талапшыл жан болатын. Қазіргі адамдардың құндылықтарын өзгерткен нарық заманы ма, әлде қоғам ба? Мүмкін қызмет жасап жүріп, өз баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ананың өзі кінәлі ме? Қыздарымыздың киім киісі, сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы мүлдем басқа. Бұл жерде бәріне бірдей топырақ шашпаймын. Сондықтан қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу.
Жалпы қыз бала келешек ана. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген бала болашақта да сол әдебін сақтайды. Қыз баланы құрметтеу отбасынан басталады. Келін болып табалдырық аттаған күннен бастап ене дұрыс бағыт-бағдар бергені дұрыс. Сол себепті де «Кісі есігі тоң тезек ерітуге ер керек» деп тегін айтылмаған. Өзге отбасын өз отбасындай ету қыз баланың шыдамдылығын қажет етеді. Халық аузындағы сөз тіркестерінің астарында қаншама мағына жатыр десеңізші.
«Қыздың жиған жүгіндей» қыз баланың нәзіктілігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартады емес пе? Сондықтан қазақы болмыстан әрі аттамай, татулығы жарасқан берекелі де бақытты отбасылар көбейе берсе екен.
Гүлмира ЕРКІМБАЕВА,
No85 мектеп мұғалімі, Төретам кенті
12 қазан 2022 ж. 1 024 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031