» » Қызы мұғалімге дөрекі сөйлеген: Баян Алагөзова кешірім сұрады

Қызы мұғалімге дөрекі сөйлеген: Баян Алагөзова кешірім сұрады

Баян Алагөзова бала тәрбиесіне қатысты пікірін бөлісті. Айтуынша, баланы сөзбен тәрбиелемей, керісінше оған іспен үлгі бола білу керек. Осы орайда ол қызына қатысты бір оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz бағдарламасына сілтеме жасап. 

Продюсер 45 жыл өмірінде әкесінің аузынан бір де бір рет ауыр сөз естіп көрмегенін айтады. 
«Жақында, өткен жылы менің қызым мұғалімге дөрекі сөйледі. Мектептен маған хабарласып айтты. Шынымды айтайын, мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Оқытушыға ештеңе айтпадым, «Жақсы, кешірім өтінемін» дедім. Қызыммен сөйлестім.
«Қызым, сен менің өзімнен үлкен адамға дөрекі сөйлегенімді көрдің бе?» деп сұрақ қойдым. Жай ғана есіңе түсіріп көрші. Ол отырып-отырып, бір кезде «Ешқашан көрмедім. Ешқашан» деді. «Онда сен неге мұндай қылық жасадың?» деп сұрадым. «Білмеймін. Енді ешқашан олай жасамаймын» деп жауап берді. Мен оның сөзінде тұратынына сенімдімін», - деді Алагөзова. 
Әрі қарай ол ата-аналарға баласын тәрбиелеудің жолын айтты.
«Сондықтан аналар «Менің балам мұндай, ол неге осындай?» деген кезде, мен әрқашан «Өзіңізге қараңызшы» деп айтамын. Балаңыз үшін бұл қалыпты жағдайға айналатындай сіз қандай әрекетке бардыңыз?» деп», - дейді продюсер. 
Баян Алагөзова қыздарының кейде боғауыз сөз айтатынын жасырмады. 
11 қараша 2019 ж. 1 575 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 996
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 672

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031