» » Балаға күш қолданған тіс дәрігер кешірім сұрады (ВИДЕО)

Балаға күш қолданған тіс дәрігер кешірім сұрады (ВИДЕО)

Кішкентай балаға күш қолданған маңғыстаулық тіс дәрігері Төлеген Мұхамбетов болған оқиға қатысты кешірім сұрады. Бұл туралы lada.kz жазды. 
Кішкентай балаға күш қолданып, зәресін алған дәрігер өз кінәсін мойындады.
«Кешегі болған жағдайда кінәмді мойындаймын. Кеше барып анасынан кешірім сұрадым, бүгін тағы кешірім сұрадым. Бүкіл елден кешірім сұраймын», - деді Мұхамбетов.
Оның айтуынша, әйел төрт баласымен облыстық стоматологияға келіп, мүгедек баламен келгенін айтып, кезектен тыс қабылдауын сұраған. Дәрігер қабылдаған. Баланы емдеу орындығына отырғыза алмаған. Содан кейін қарындасын қабылдап, оның екі тісін алған. Ал бала көнбей қойған соң, анасымен бірге кабинеттен шығарған. Біраздан соң олар тағы кірген, бұл жолы да бала көнбей, анасын тыңдамаған. Бала қорқып келген.
«Бала отырмаған соң, апа, болды, жүре беріңіз, балаңыз отырмайды», - деп кабинеттен шығармақ болған.
Бірақ баланың шешесі үшінші рет кірген. Видеодағы жағдай сол үшінші рет кіргенде болған.
«Баланы шектен тыс жұлқығаным көрініп тұр. Бірақ ұрған жоқпын. Кішкене қорқытып, тісін жұлып берейін деген оймен ғана істедім», - дейді тіс дәрігері.
Маңғыстау облысының дәрігер қауымы Мұхамбетовтің бұл қылығын құптамаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, оған қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Ақтауда еңгезердей тіс дәрігері кішкентай балаға қатігездік танытқан видео желіге тараған болатын. 
03 қараша 2019 ж. 1 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031