» » » ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

«Қыз тәрбиелегенің– ұлтты тәрбиелегенің». Мұны Біз емес айтқан, бізге дейінгілер солай айтқан. Рас, бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою әлемнің өзге елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Жасыратыны жоқ, қазірде қызды тәрбиелеуде ұлттық тәрбие негізінен алшақтап барамыз. Қыз баланы қалай тәрбиелеп жүрміз осы?

Ата-бабамыз қызға «қонақ» деп төрден орын беріп, парасаттылыққа баулып өсірген. Қазекем өрісін кеңейтер қыз баланың тәрбиесін басты назарға алып, сыпайы, ізетті де ісмер, қылықты болуын қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркелетпеген. Қызға «жат жұрттық» қонақ ретінде жас күнінен отбасының бірлігін сақтаушы, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие берген. «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, оның жүріс-тұрысы мен киім киісі – тәрбиенің негізі. Мойындау керек, кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Күн көрістің қамы дейміз бе, жоқ әлде жұмысбастылықтан ба бала тәрбиесіне көңіл бөлу азайғандай. Міне, қоғамымызға өз қолымыздан келеңсіз жағдай тудырып алдық.

Қазіргі таңда кейбір бойжеткендеріміз кешкі уақытта көшеде жүруді сәнге айналдырып бара ма қалай өзі? Қыдырмасын демейміз, әрине. Қыдырсын. Дегенмен, көшеде кешкілік уақытта серуен құрғанды азайту керек. Соның салдарынан қыздарымыз ащы судың арба­уына түсіп, шылым шегіп, түнгі клубтардың есігін баққанын көргенде жүрегің ауырады. Әсілі, кешкілік көшеде жүргендердің оңғанын көргеніміз жоқ. Осындай жеңіл мінездің салдарынан жүкті болып, тастанды балалардың көбейіп жатқаны да алаңдатады. Осының бәрі де өзіміздің қаракөз қыздарымыз, елдің ертеңгі болашақ аналары емес пе?! Ойланайықшы, олардың ертеңгі тағдыры не болады? Бұлардан өнегелі ұрпақ кү­туге бола ма?

Бір сәт өткенге көз жүгіртейікші...
Қазақы дәстүрде қыз баланың бойына қарапайымдылық, сыпайылық, биязылық, инабаттылық, ұяңдық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, имандылық сияқты қасиеттерді сіңіріп өсірген. Тарихқа зер салсақ, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелінің үлгісі емес пе?! Халқымызда бала тәрбиесін құрсақтан бастаған асыл аналарымыз болған. Ұлы Абайдың тәрбиешісі болған данагөй әжеміз Зере, анасы Ұлжанды қалай ұмытамыз?

Асыл дініміз де қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Пайғамбарымыз Мұхаммед «Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар (қыздарын тәрбиелеп өсіргені) сол үшін тозақ отынан қалқан болады», – деген. Бұл шынымен де қыз бала тәрбиесінің ата-анаға оңай түспейтінін дәлелдейді.

Қыз отбасында анаға қарап бой түзейді, үлгі алады. Оны болашақ өмірге дайындайтын да сол анасы. Бір ғана мысал алайық, анам мені үй шаруасына бейімдеу үшін «бір жағымда жүр» деп кішкентайымнан үй тіршілігіне араластырып өсірді. Мен осылайша анамның бір жағында жүріп, көзбен көріп, біраз нәрсені үйрен­гендеймін. Айтып істеген бір бөлек, көзбен көргенің жадыда жақсы сақталады емес пе?! Міне, анамның сол кезде үйреткен дүниесі енді кәдеме жарап жатқанына көзім жетті. Болашақ өміріме қажетті азықты бала күнімнен үйреткеніне қуанамын. «Шеше көрген тон пішер» деген осы болса керек-ті.

Жоғарыда айтқандай, отбасындағы қыз тәрбиесіне тек ана жауапты деген сөз емес. Әкенің де қыз бала тәрбиесінде атқаратын рөлі ерекше. Бала күнімізде әкеміздің қабағынан именетінбіз. Әкеміз бетімізге қарсы келіп ұрыспайды. Ақырындап анамызға айтады. Ол бізге «әкелерің айтып жатыр» дейді. Бізге осы да жеткілікті болатын. Содан сап тыйылатынбыз. Ал, қазіргі әкелер қыздарына қалай тәрбие беріп жатыр? Оның тәрбиесінде қатаңдық керек пе? «Қызға қырық үйден тыйым» дейді дана халқымыз. Сол себепті қыз тәрбиесінде кей дүниеден тыйып ұстағанымыз абзалырақ.

Ертеңгі ұрпақты тәрбиелейтін – қыз. «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деп көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтереді емес пе?! Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, болашақ ұрпақтың анасы екенін ұмытпайық!

Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
18 ақпан 2019 ж. 10 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031