» » БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ

БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ


Бала күнімізде әкеміздің қабағынан, анамыздың ымынан-ақ барлығын ұғатынбыз. Не қол, не дауыс көтермейтін-ді. Ол кезде қонақ келсе балаларды бір бөлмеге отырғызады. Олар кеткенше шықпаймыз. Шығуға «дух» та жоқ. Шықсақ дастарқанға жоламаймыз. Бір нәрсе дұрыс жасамасақ, «суық» көзбен бір-ақ атады. Болды. Артық ұрыс-керіс, ұру жоқ. Тек сол «көзден» сескенеміз. Бала болған соң онша-мұнша мән бермедік. Өстік. Біз де ата-ана атандық. Десе де, сол кездегі «ымның» тәрбиесін бере алмайтын сыңайлымыз. Заманның талабы ма, әлде адамның психикасы әлсіреген бе? Балаға кейде жекіп алатынымыз, «жүйке» шыдамаса ұрып алатынымыз да жасырын емес. Тоқпақтай бермей, төтесіне тартсақ, балаңызды қалай тәрбиелеп жүрсіз?

Қазақ баласын қалай тәрбиелеген?
«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар». Иә, әр үйде сыңғырлаған сәбидің дауысы естілсе одан артық бақыт жоқ. Тек кейде тым артық кетіп жатамыз. Бір сәт ойланып көріңізші. Бала бізге өмірдің сыйы болып беріледі. Ал оны өсіру, тәрбиелеу – ата-ананың міндеті. Сіз миссияңызды қалай атқарып жүрсіз?
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген қазақ тек жақсы қасиеттерді ұрпағының бойына сіңіріп отырған. Мәселен, атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып ішуін, жеті атасын білуін, батырлар жырын, ерлігін, аңыз-әңгімені оның құлағына құйып отырған. Ең бастысы «Сен оңбассың, адам болмассың» деп баланың бетін қайтармаған. Он бестегі ұлына ел басқартып, шешендік сөз өнеріне баулыған. Ерте жастан-ақ қолынан жетектеп, медресеге апарған. Бүгінде жат ағымның «құрбаны болыпты» дегенді жиі естиміз. Бұл әсіресе жастардың арасында көп кездеседі. Ал бұрын мұндай оқиға болмаған. Неге? Әлгінде айтқандай баланың кішкентайынан-ақ діни сауатын жетілдірген. Қазір Түркияда теріс бағыттағы азғындық айтарлықтай белең алмаған. Жоқтың қасы деуге де болады. Себебі олар балаларын ерте жасынан мешітке апарып оқытады екен.
Қазекем ұрпақ тәрбиесіне еш аянып қалмаған. Мәселен, дүниеге келген сәбидің дені сау болып өсуі үшін, оның анасын жамандықтан қорғау үшін салт-дәстүрді ұстанды. Баланы бесікке салу осы мақсаттың үлкен бөлігі. Бесік – баланың қорғаны. Шошымас үшін аяқ-қолы жинаулы жатады. Әрі таза болса, қатты етіп құндақтау – шыдамдылыққа, төзімділікке баулиды. Тек бүгінгі ғылым мұның бәріне шектеу қойып отыр. Бала еркін жатсын деп «манежге» салады. Ондағы қуатталған ән ананың әлдиін ауыстырды. «Бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен» жанның орнын да осы дүние алмастырды. Енді елестетіңізші, азанда ұйқыдан тұрған бала «оның» майда торынан сығалап қарап тұр. Құдды қамауда қалғандай...
Ұл бала тәрбиесіне көңіл бөлген халық «Әке көрген оқ жонар» дейді. Оның  тәрбиесі – әке меншігінде. Әрине, әке – қатал. Бірақ «Шыбықты бос ұстасаң – қолыңды кеседі» дейді. Баланы ер жүрек, аңшы, мерген, қысқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген –  қазақ әкелері. Өкініштісі бүгінде бір қолына қазан, екінші қолына баласын ұстап әлдилеген азаматтар көбейді. Түрлі-түсті шаш өсірген, сырғалы жігіттер осыдан шығып жатқан шығар, бәлки?!

P.S:
Кішкентайымызда әжем «сен нашар баласың, тыныш жүр» дейтін. Неге олай дейді, «нашар бала» деген не деп ойлайтынбыз. Қазекем сол кезден-ақ қызын қырық үйден тыйып отырған екен-ау... Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелесек, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтінімізді ұмытпағанымыз жөн. Ал сіз балаңызды қалай тәрбиелеп жүрсіз?

Айнұр Әли
22 қаңтар 2019 ж. 2 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031