Құрылтай
» » Ауданда билер кеңесінің жұмысын жетілдіру бойынша кездесу өтті

Ауданда билер кеңесінің жұмысын жетілдіру бойынша кездесу өтті

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудандық билер кеңесінің жұмысын жетілдіру және ұйымдастыру жөніндегі кездесу өтті.
Кездесуге Қызылорда облысының билер кеңесінің төрағасы, доғарыстағы судья Нұрсейтов Зейнулла Әлімжанұлы, аудандық соттың төрағасы, аудандық билер кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері және ауылдық округ әкімдері «ZOOM» бағдарламасы арқылы қатысты.
Кездесу барысында облыстық билер кеңесінің төрағасы Зейнолла Әлімбекұлы «Билер кеңесінің жұмысын жетілдіру және ұйымдастыру жөнінде» хабарлама жасап, Билер кеңесі арқылы азаматтық дау-дамайларды шешу, істі сотқа дейін жеткізбей, бітімгершілік тәртіпте шешу бағытында атқарылған жұмыстар жайлы сөз қозғады.
Кездесу соңында, аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев Зейнолла Әлімбекұлына ауданымызға іс сапармен келіп билер кеңесінің жұмысын жетілдіру және ұйымдастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізгені үшін алғысын жеткізді.

23 ақпан 2023 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31