Құрылтай
» » Мерекеде қуанышқа бөленді

Мерекеде қуанышқа бөленді

qarmaqshy-tany.kz 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3-желтоқсанды «Халықаралық мүгедектер күні» деп жариялады. Осыған орай «Дәметкен Ана» балалар оңалту орталығы (құрылтайшылары Зарқұм Бекжанов пен Дина Исмайлова) аудандағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде «Толағай» отбасылар сайысын ұйымдастырды.
Басты мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасында спорт мәдениетін орнату. Осы сайысқа аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы С.Райымбаева арнайы келіп өзінің жылы лебізін білдірсе, аудан еріктілер тобының көшбасшысы Ә.Мерекова өз командасымен іс-шараға атсалысып, қатысқан балаларға сый-сияпат табыс етті.
Сайыс өте қызықты, жоғары дәрежеде өтті. Ойын шарттары бойынша қорытынды шығарылып, жеңімпаздар мен қатысқан балалар марапатталды.
Айта кеткен жөн, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде жобаны іске асырушы және облыстық Мүгедектер Қоғамы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шарада «Дәметкен Ана» оңалту орталығы «Мүгедектігі бар балалармен нәтижелі жұмыс жасаған үкіметтік емес ұйым 2022» марапаты мен 100 мың теңге көлемінде сертификатқа ие болды.
«Қт» ақпарат

07 желтоқсан 2022 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 429
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 940

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031