» » «Арбамен марафон» атты облыстық спорт жарысы өтті

«Арбамен марафон» атты облыстық спорт жарысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Арбамен марафон» атты облыстық спорт жарысы өтті.
Марафон – бұл ең ауыр спорт түрі, тіпті дені сау адамдар да марафон қашықтығына төтеп бере бермейді. Ал, дөңгелектерді қолдарымен айналдыра алатын тек мықтылар ғана. Ең бастысы – өзіңді жеңу арқылы ғана мүгедектіктің жоқ екенін дәлелдеу.
Мүгедектігі бар  адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.
Бүгінгі марафон Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өтті.  Оған облыс бойынша  30-дан аса арбамен қозғалатын  мүгедектігі бар адамдар қатысты. Қатысушылар 100 метр қашықтық бойынша жарысты.
Марафонға қатысушылар 3 категория бойынша жарысты: балалар 5-12 жас, жасөспірім 13-18 жас, ересектер 18 жастан жоғары.
Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал қалған қатысушыларға алғыс хат пен ынталаңдыру сыйлықтары табысталды.
Тұрар Өмірзақтың анасы Ошақбаева Айкун: "Біз мұндай жарысқа алғаш рет қатысып отырмыз және жүлделі орынға ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға, атап айтқанда Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сиюов Сағатбек Қуанышбекұлына бізді назардан тыс қалдырмай шақырғаны үшін ерекше рахметімді айтамыз және алдағы уақытта да осындай жарыстар болып тұрса "- деп өз лебізін білдірді.
Балалар арасындағы І орынды Берікбол Бағдаулет, ІІ орынды Нұрадин Айзат иеленсе, ІІІ орынды Қайырбек Шайхислам еншіледі. Ал жасөспірімдер арасында І орын Жетпісбаев Фархат алса, ІІ орынды Шырынхан Нұрсұлтан, ІІІ орынды Өмірзақ Тұрар иеленді. Ересектер арасындағы І орынды Серікбаев Сәбит, ІІ орын Айтпенбетова Айша, ІІІ орын Тастаева Ақтоты қанжығасына байланды.

11 қараша 2022 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 132

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930