» » Қызмет ақысы жыл соңына дейін толықтай өтеледі

Қызмет ақысы жыл соңына дейін толықтай өтеледі

Мүмкіндігі шектеулі жандарға тағайындалатын әлеуметтік көмекшілерге төленетін қызмет ақысы жыл соңына дейін толықтай төленетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
- Облысымызда отыз мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Оның 3,7 пайызы I топ мүгедегі. Жыл басында Шиелі ауданындағы І топ мүгедектеріне арналған әлеуметтік көмекшілерге отыз бір миллион теңге қаржы бөлінген. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың көмекшілеріне сағатына 388 теңге төленсе, қазір ол сома 465 теңгеге жетті. Сондай-ақ, 2017 жылы олардың жалақысы 18 мың теңгені құраса, қазір 32 мың теңге. Айта кетерлігі бұл қаржы жыл басында 131 әлеуметтік көмекшіге арналса, кейін олардың саны тағы да 23 қызметкерге артқан. Сондықтан да кейбір мәселелер туындауда. Дегенмен, түрлі қаржы көздерін тарту арқылы аталған түйткілді жыл аяғына дейін шешу басты жоспарда ,- деді Талғат Тұрсынұлы.
24 қазан 2019 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031