» » Тәуелсіздік – ұлы ұғым

Тәуелсіздік – ұлы ұғым

qarmaqshy-tany.kz Біз өз еліміздің тәуелсіздігін сақтай аламыз ба? Ол үшін біздер, жастар еліміздің батыры, бір-бірімізді сыйлауымыз керек. Сыйластық болған жерде ғана бірлік болады. Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 31 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз бір жыл көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.
Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Бұл дегенің – жақсы өмір сүруге алған құқығың. Жұмыр жерде өлшеулі өмірді бейбіт елде өткізгенге жететін бақыт бар ма?! Таңертең ұйқыдан оянып, жалғанды жалпағынан басып, біріміз – сабаққа, біріміз – жұмысқа кетеміз. Үрей атаулыдан аулақ, емін-еркін тіршілігімізге кірісеміз. Өзге елдің табалдырығын аттасақ, «Біз Қазақстан деген тәуелсіз елденбіз» деп мақтанышпен айтамыз. Бізге батыр бабаларымыз Тәуелсіздік алып берген. Тәуелсіздікті бізге аманат етті.
Қорытындылай келсем,  әр азамат өз елінің тәуелсіздігін сақтай білу керек. Тәуелсіздікті қастерлеп, тату-тәтті өмір сүріп, бір ұлт болып, татулығымызды мызғымастай ету – еліміздің әрбір азаматының міндеті. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!
Көркем ОРЫСБАЙ,
№85 мектептің 6 «А» сынып оқушысы
02 желтоқсан 2022 ж. 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728