Тәуелсіздік – ел тірегі
qarmaqshy-tany.kz Биыл қастерлі де қасиетті, еліміздің басына бақ боп қонған тәуелсіздігімізге 30 жылдан асты. Бұл қайта шыққан саңырауқұлақ секілді қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес емес пе?!
Тарих қойнауына зер салсақ, отыз жыл көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен бұл көп адам үшін де қиыншылық пен қатар қуанышын қатар өткізген заман. Біздің еліміз қиын-қыстау замандардан өтіп, ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша кескілескен шайқасының арқасында біздерге алып берген ел тәуелсіздігі. Біздің әрбірімізді «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?» деген сауалдар толғандырары анық.
Аманат демекші, ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен Жер-Анамызды қастерлеп, тәуелсіздігіміздің қадірін жоғалтпау – еліміздің барлық азаматының міндеті. Себебі бұл бақыт бізге оңай келмеді.
Биылғы жылы әйгілі «Желтоқсан оқиғасына» 35 жыл толады. Осы қызыл алаң оқиғасын есімізге алсақ, бойымызда ерекше күш-жігер пайда болады. Ол дегеніміз, өр рухты аға-әпкелеріміздің бар болғанын сезінгендіктен болар деп топшылаймын.
Өз сөзімді қорыта келе, әрбір қазақ бір-бірін сыйласа, ұлт мәдениетін ұмытпай, ұлтымыздың құндылығын дәріптесе, жүздерінен имандары төгіліп тұрса, онда мен жарқын болашаққа, тәуелсіздіктің мәңгі боларына кәміл сенемін!
Меруерт ПУСУРМАНОВА,
№85 мектептің 6 «А» сынып оқушысы