» » Айшықты белес

Айшықты белес

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабамыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін айшықтайтын маңызды белес.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз беттерінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы отандастарымызды өткен жолдарға нақты талдау жасауға, келешек бағыт-бағдарымызды айқындауға шақырған аса маңызды құжат. Төрт тараудан тұратын мақаланы мұқият оқып шығып, Мемлекет басшысының кемел ойларына көз жеткіздік. Есігін ашқан 2021 жыл тарихи даталарға толы жыл болып отыр. Оның ең бастысы – еліміздің Тәуелсіздігін жарияланғанына 30 жыл толды. Ел Президенті осы кезеңді үш онжылдық белеске бөліп, жүзеге асырылған шаруаларды атап көрсетіп, алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеттеріне тоқталды.
Мемлекет басшысы 1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа жүз жыл өткенін, әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толатынын, сондай-ақ 30 жыл бұрын Семей полигонының жабылғанын атап көрсетіп, Қазақстанның жаңа тарихын жазуды дереу бастауды айтты.
Президент мақалада «Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліне халқына қызмет ету» деп жастарға елінің нағыз патриоты болу үшін білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру арқылы патриотқа айналатынын жеткізді.
ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Сол себепті әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алатынын айтып, бүгінгі ұрпақты білімді, өз елінің патриоты болуға үндеуі керек.
Президенттің «Мемлекеттік тілді білу Қазақстанның әрбір азаматының парызы мен міндеті деп те айтуға болады» деп атап көрсетуі халықтың көңілінен шықты.
Ана тіліне жетік, ата-баба дәстүріне бекем, дініне адал, ұлтына мейірбан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 30 жылда ел сенімін ақтады. «Тар жол, тайғақ кешуден» алып шықты. Ел аман, жұрт тыныш болса, алдымызда әлі талай асу бар. Осы күнге дейін жеткен жетістіктер – толағай.
Тәуелсіз ел болу оны жариялау мен мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін күрес, нағыз күрес, күнделікті ең бастысы, үздіксіз саясатпен мәңгі жалғасады.
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.
Дәмелі ЖАЛҒАСБАЕВА,
аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі
02 наурыз 2021 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031