» » Ұлағат пен ұстаным

Ұлағат пен ұстаным

«Егемен Қазақстан» газетінде 5 қаңтар күнгі №2 санында жарияланған Президентіміздің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» мақаласы жарияланды. Бұл мақалада еліміздің өткені, қазіргісі мен болашағы жайында айтылып, кең көлемді «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» деген төрт бөлімнен құралған. Алғашқы онжылдықта Қазақстан іргетасын қаласа, екіншісінде керегесін кеңейтіп, тарихын түгендеуге, шекарасын шегендеп, инфрақұрылымдық жобаларға баса мән берді. Үшінші онжылдықта еліміз индустриялық-инновациялық даму жолын таңдады. Ал алдағы төртінші онжылдықтағы міндет – қуатты елдің иесі және кемел халық болу, – деп атап көрсетті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз мақаласында тіл игеруге баса назар аударған. Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан, қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн деп атап көрсетті.

Қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлағат пен ұстаным» тақырыбында ауданымыздың ақындары Мәсекеу Ерболатұлы мен жырау Тұрымбет Салқынбайұлының ұрпағы Тұрымбетов Жарқынбектің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

Дөнгелек үстелдің мақсаты: Ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерліктерін келешек ұрпаққа үлгі ету. Еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекет болып қалыптасу тарихын, Елбасының кемел саясаты мен ерен еңбегін оқырмандарға паш ету.
18 қаңтар 2021 ж. 1 015 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 306
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 768

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930