» » Жасұлан ТӘЖІБАЕВ: "Әрбір тұрғынның өзіне жауапкершілік алуы аса маңызды"

Жасұлан ТӘЖІБАЕВ: "Әрбір тұрғынның өзіне жауапкершілік алуы аса маңызды"

Әрине, біз үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат. Осылай аталған Президент мақаласының мәні жоғары. Себебі тәуелсіздік – ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып мұра еткен жерге өз ұрпағының иелік етуін қалаған асқақ арманы. Отыз жыл бұрын қазақ халқы үшін азаттықтың ақ таңы атты. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі кездер де еліміз үшін оңай болмағаны белгілі. Ол кезде бала болсақ та, отбасымыздың жағдайы әлі күнге дейін көз алдымда. Отыз жылда, он жылдан кезеңдерге бөлінген тәуелсіз еліміздің тұғырын сақтап, бар қиындықты артқа тастап, дамыған елдер қатарына қосылып, елімізді әлем тани алатындай дәрежеге жеттік. Біршама белесті бағындырған еліміздің әрі қарай да көркейіп, дамуына аянбай еңбек етіп өз үлесімді қосуға әрқашан дайынмын.
Мемлекет басшысы өз мақаласында тәуелсіздікке жетіп қана қоймай, оның әрі қарай жалғасып, мәңгі жасауы үшін бүгінгі ұрпақтың білімді, өз елінің шынайы патриоты болуға үндейді. «Қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана, ұлтымыз жер бетінде сақталады» дегеніндей, ұлтымыздың мәңгі жасап, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы үшін әрбір тұрғынның өзіне жауапкершілік алуы аса маңызды.

Жасұлан ТӘЖІБАЕВ,
№269 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары
09 қаңтар 2021 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031