» » Шаттық Қарасартова - Егемен елдің ұрпағын тәрбиеледік

Шаттық Қарасартова - Егемен елдің ұрпағын тәрбиеледік



Шаттық Қарасартова – қасиетті Қармақшы топырағында туып өскен. Бүгінде Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 32 жылдық еңбек өтілінде талай шәкіртті түлеп ұшырып, үлкен өмір жолына дайындады. Осы жылдар ішінде бағындырған белесі мен жеткен жетістігі аз емес. Білікті ұстаздың оқушылары қалалық, облыстық, республикалық сайыстардан үнемі жүлдемен оралса, Шаттық Каналбекқызы 2009 жылы «Жыл мұғалімі» атағын алып, көлік сыйға алған. Ал өткен жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталғанды. Мектептегі тынымсыз тірлігімен қатар, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универсиетінде ғылыми сарапшы, мемелекеттің емтиханың председателі, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесі бағдарламасының авторлық құрастыру мүшесі қызметін қатар алып жүруде. Жолдасы Еркебұлан да білім нәрімен сусындатушы ұстаз. Ерлі-зайыпты ұстаздар «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісінің иесі. Ұстаздар династиясын жалғаған тұңғышы Алина да Нұр-Сұлтандағы автоэлектроника колледжінде оқытушы, ал ұлы Мейірлан Назарбаев университетінің студенті. Сыртта жүрсе де туған жердің абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткен Сыр перзенті өскен өңірдің оң өзгерісі мен жағымды жаңалығына қашанда тілекші.
Туған жер перзентінің Тәуелсіздік мерекесіне арнаған мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.



Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістігімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы деп білемін. Осы орайда Елбасының:«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол – қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол – тәуелсіз Қазақстан» дегені ойға оралады.
Биыл еліміз арайлы азаттығының 29 жылын артқа тастап отыр. Осы жылдар ішінде бұрын арман болған көптеген оң өзгерістер орын алды. Яғни, Тәуелсіздіктің қазақ еліне, қазақ жеріне бергені көп. Еңсемізді тіктеп, егемен ел, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындыққа жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық саясат жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.
Барлық жетістіктер қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.
Тарих толқынында талайды бастан кешірген қазақ елі 29 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған тұста дұрыс таңдау жасағандығын бүгін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.Тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі оңды өзгерістер Елбасымыздың тікелей бастамасымен болып жатқаны аян. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді. Бүгінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптесі, Орталық Азияның шешуші елі.
Ұзақ жылдар білім саласында еңбек еткен соң, бұл саладағы өң өзгерістерге тоқтала кеткенді жөн санаймын. Бұрынғы мұғалімнің мәртебесі қазіргідей болған емес. Ұстаз қауымының артық жүктемеден босатылуы өз алдына, жалақы мәселесі де оң шешімін табуда. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында екі жыл қатарынан жалақы алмаған да кездеріміз болған. Алайда жолдасым екеуміз сүйікті мамандығымызды тастап кетпедік. Себебі, біз жас мемлекеттің болашағы жарқын екеніне сеніп, өтпелі кезеңнің сынағын еңсере алдық. Тәуелсіздік жылдары отау құрып, егемен елдің төл перзенттерін тәрбиеледік.
Қазір білім мен білік үстемдік құрған заман орнауда. Қарыштап дамыған уақыт көшіне ілесіп, техниканың тілін біліп, өзін ғылыми тұрғыда жетілдірген маман ғана сапалы білім бере алады. Осы ретте мектепке тәжірибеден өтуге келген студенттер ішінде өте білімді, тиянақты жастарды көп көргенде біздің буынды алмастыра алатындай жақсы бір толқын өсіп келе жатқанына қуанамын. Себебі олар болашақ ұрпақты тәрбиелейтін, кемел келешектің иелері. Олардың бүгінгі алған білімі, ел ертеңінің көрінісі. Тәуелсіздіктің берік, еліміздің ынтымақта болуы да – бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін.
Шаттық КАНАЛБЕКҚЫЗЫ


16 желтоқсан 2020 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031