» » Тәуекелге толы тәуелсіздік

Тәуекелге толы тәуелсіздік

Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл – 30 жыл. Тәңірдің өзі тарту еткен еркіндік әрқайсымызға қымбат. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін білдіретін маңызды белес.
Осыдан 30 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткізген едік. Әлем картасына "Қазақстан" атын ойып жаздық. Сол сәттен еліміздің жаңа тарихы басталды. Қазірде елімізді әлем халқы танып, мо­йындайды. Осы уақыт ішінде мемлекетіміз айтарлықтай өсіп-өркендеді, айтулы жетістікке жетті. Елдігіміз бен егемендігімізді нығайтып, шекарамызды шегендедік. Бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға бет бұрып, мемлекетіміз аяққа нық тұрды. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Еуразия жүрегінен жаңа астана бой көтерді.
Тәуелсіздік жариялағаннан бастап еліміздің барлық саласының дамуы нарықтық экономикаға көштік дегеннің өзінде мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың қажет екенін уақыттың өзі көрсетті. Ұзақ мерзімді жоспарлау қажет болды. Дәл осы тұста аяғын тәй-тәй басқан тәуелсіз Қазақстанға ықпал ететін сын-қатер сарапталып талданды, шешу жолдары қарастырылды. Дені сау ұлт, болашақ ұрпақ үшін Семей ядролық полигоны жабылды. Тиімді мемлекет болу мақсатында барлық бағыттарды қамтыған 1997 жылы дүниеге келген 2030 стратегиялық құжаты 25 басты нәтижемен өз қажетін мерзімінен әлдеқайда бұрын өтеп, керегесі кеңейген әлемдегі алдыңғы қатарлы озық отыз елдің қатарына ену 2050 стратегиялық құжаты қабылданды. Елімізде тұратын көпұлтты қазақстандықтардың мүддесін күйттейтін, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, 2007 жылы ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутатын сайлады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы ұлттар бірлігінің эталоны саналды. Ата заңымыз қабылданып, уақыт талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ұлттық валюта теңгемізді қолымызбен ұстап, зейнетақы реформасы жасалды. Көпқырлы сыртқы саясаттың арқасында деңгейі биік саяси диалогтар өз жемісін берді, Қазақстанның бітімгер функциясын орындауы соның айғағы. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы елді әлемге танытудың жоғары баспалдақтары еді. Ұлт жоспары, Жалпы еңбек қоғамына қарай 20 қадам бағдарламалық құжаты еңбек адамының қоғамдағы орнын белгіледі. Отаншылдық сезімді нығайту жұмысы қолға алына бастады.
Саясат пен экономика, сананың тығыз үйлесімділігі үшін «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» тәуелсіздікті нығайту жолындағы адам капиталының жаңа сапасы үшін, қоғамды ұйыстырудың қуатты факторлары тарихты терең тану қолға алынды. Елдегі тұрақтылықты, қоғамдағы татулық пен келісімді сақтай отырып, көпұлтты халқымыз бәсі бөлек артықшылыққа айналды.
Иә, биыл бодандық бұғауынан босап, азат ел атанғанымызға 30 жыл толады. Тәуелсіздік алып, оны дүниеге паш ету бір бөлек, ал сол тәуелсіздікті сақтап қалу одан да зор міндет. Себебі, тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
12 мамыр 2021 ж. 1 030 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 295

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930