» » Сәулет ҚАЛДАШОВ: "Тәуелсіздік – теңдесі жоқ бақ"

Сәулет ҚАЛДАШОВ: "Тәуелсіздік – теңдесі жоқ бақ"

Құрметті ауылдас-замандастарым! Ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы мен ұрпағының қолына тиген теңдесі жоқ бағы – Егемендігіміздің атаулы күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Қалың қазақ, алты алаштың туған күні, мерейтойы. Әрбір ұлт, әрбір халық үшін егемендіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ.
Біздер, Отан-Ана, Туған жер, Атамекен деген асыл ұғымдарға қаншама қиын-қыстау замандар мен тайғақ тар жол кешулер арқылы, ат жалыны мен түйе қомындағы ата-бабаларымыздың ақ білегінің күшімен, ақ найзасының ұшымен, олардың қаны мен терінің қасиетімен қол жеткіздік. Ендігі жерде осы асқақ ұғымдарға болаттай берік болып, көзіміздің қарашығындай сақтау – біздің парызымыз бен аманатымыз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Уақытша Күштері миссиясының сапында әлемдік бітімгерші ретінде болып, ондағы соғыс пен қақтығыстардың ауыртпалығы мен салдарын көріп, осы қасиетті ұғымдардың қадір-қасиетінің шексіз екенін ұғындық. Барлық күш-жігерді бейбітшілікті қорғауға бағыттау керек екенін түсіндік. Қазіргі таңда ынтымақты ұран, татулықты ту еткен азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Осы Ұлы күн қарсаңында, баршаңыздың отбасыларыңызға ауызбіршілік пен ынтымақ, қуаныш пен жақсылық, береке мен мереке тілеймін. Көк байрағымыз желбіреген, бүгінгідей абыройлы, айбынды да беделді, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!

Сәулет ҚАЛДАШОВ,
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицері, медицина қызметінің подполковнигі

16 желтоқсан 2020 ж. 898 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 169

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 295

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930