Құрылтай
» » Еңбек анасы Бибігүл Әбішева құрметке бөленді

Еңбек анасы Бибігүл Әбішева құрметке бөленді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылында Еңбек анасы Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Бибігүл Әбішеваға «Жаңажол» ЖШС-нің демеушілігімен жаңадан салынған тұрғын үй кілтін табыстау салтанатты шарасы өткізілді.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Досмамбетов Бақберген Сәрсенұлы,облыстық мәслихат депутаты Әбдікәрімов Шакизада Өтетілеуұлы, аудандық мәслихат хатшысы Қошалақов Әділ Үсенұлы және «ЖАҢАЖОЛ» ЖШС-нің директоры Төлепов Орынбасар Өтепұлы қатысып, үздіксіз 40 жылдам астам уақыт ауданымыздың экономикасының өсуіне зор үлес қосқан механизатор апамыздың қазақ қоғамындағы ерекше болмысын сөз етіп, «ЖАҢАЖОЛ» ЖШС-і атынан Бибігүл Әбішеваға жаңа үйдің кілтін тарту етті.

«Еңбек түбі – береке» деген осы болса керек. Бибігүл апамыз өркениетті даму жолына түскен елдің бүкіл тыныс-тіршілігінің басы-қасында болып, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына үлес қосып келеді.
Уақытпен санаспай ерлермен иін теңестіре еңбек еткен жылдарында КПСС ХХV съезінің делегаты, Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаты, ІІ, ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені иегері атанып, бүгінде Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» атанып отыр.

17 қараша 2022 ж. 1 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 552
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 021

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031