Құрылтай
» » Еңбек ардагері жаңа баспаналы болды

Еңбек ардагері жаңа баспаналы болды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Дүр Оңғар ауылында облыстық мәслихат депутаты Орынбасар Төлепов басқаратын "Жаңажол" ЖШС демеушілігімен 2 және 3 дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің иегері, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, данқты тракторшы Бибігүл Әбішеваға салынып берілген тұрғын үйдің лентасын қию рәсімі өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев құттықтап сөз сөйлеп, ел ардақтысы Бибігүл апайға ақ жарма тілегін арнап, ыстық ықыласын жеткізсе, содан соң сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов, облыстық мәслихат депутаты Шакизада Әбдікәрімов, шаруашылық басшысы Орынбасар Төлеповтер құттықтау сөз сөйлеп, жаңа тұрғын үйдің лентасын қиды.
Шара барысында ауыл тұрғындары да Бибігүл апайымызға ақ тілектерін арнап, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
16 қараша 2022 ж. 692 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31