» » Аудан әкімінің халықпен кездесулері ІІІ Интернационал ауылында жалғасты

Аудан әкімінің халықпен кездесулері ІІІ Интернационал ауылында жалғасты

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың аудан тұрғындарымен есепті кездесуі ІІІ Интернационал елді мекенінде жалғасты.
Кездесуде ауыл әкімі Нұрлыбек Сайымов есепті кезең бойынша ауыл экономикасы мен тұрғындар әлеуетін арттыруға арналған және жоспарланған жобалар аясында атқарылған жұмыстарды баяндап, оның ішінде кәсіпкерлік, спорт, ауылшаруашылығы, білім, сонымен қатар басқа да саладағы жетістіктер мен алдағы уақытқа мақсатталған жоспарларды сөз етті.
Содан соң сөз алған аудан басшысы Әділбек Ерсұлтанов жыл көлемінде ауданда 9 айда өңір экономикасын нығайтуға, халқының әл-ауқатын арттыруға мақсатталған жұмыстар және оның орындалуы жайлы баяндады. Ағымдағы жылы аудандағы ел мүддесіне арналған жағымды жаңалықтарды жария етті.
Есепті кездесуде Рамиз Даврушов, Сайлау Мұхтаров, Крайбек Тоқабаев, Алтай Мусаханов және басқалар ауыл тұрғындарының көптен көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтар бойынша аудан әкімі тұщымды жауабын берді.
10 қараша 2022 ж. 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 283
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 818

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930