» » Аудан әкімінің халықпен кездесулері Алдашбай ахун ауылында жалғасты

Аудан әкімінің халықпен кездесулері Алдашбай ахун ауылында жалғасты

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың халықпен кездесулері Алдашбай Ахун ауылында жалғасты.
Кездесуде аудан басшысы 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды баяндап, ауылда салынып жатқан құрылыс жұмыстары жайлы сөз қозғады. Оның ішінде, биылғы жылы аталмыш ауылда су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобасы іске асырылып жатқандығын және жаңадан 100 орындық клуб үйін салу үшін жоба- сметалық құжаттары әзірлену үстінде екендігін жеткізді.
qarmaqshy-tany.kz Алдашбай Ахун ауылдық округі бойынша, бүгінгі күнге тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері, ауыл шаруашылығы оның ішінде өзекті жайылымдық жерлер, жол, жарық мәселесі, ауылды көркейту көгалдандыру барысындағы абаттандыру жұмыстары және тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне жіті тоқталды.

Сондай-ақ, жиында ауыл әкімі Н.Тоғызбаевтың атқарған жұмыстары туралы хабарламасы тыңдалып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аудан басшысы тұщымды жауаптарын берді.

Жиын соңында аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов Алдашбай Ахун ауылындағы салынып жатқан су қабылдайтын құрылғының құрылыс барысын көрді.

28 қазан 2022 ж. 940 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930