» » Келелі кездесу Көмекбаевтан бастау алды

Келелі кездесу Көмекбаевтан бастау алды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес шалғайдағы Тәйімбет Көмекбаев ауылының халқымен кездесті.

Ондағы мақсат ауылдың тыныс-тіршілігін жіті бақылауда ұстап, ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдау.

Кездесуде аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы 2022 жылдың 9 айында ауданның макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда оң динамика қалыптасуы барысына тоқталып,оның ішінде Т.Көмекбаев ауылы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытттағы кезең-кезеңімен орындалатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Алдымен аудан әкімі ауылдық округте жасалып жатқан құрылыс жұмыстарына тоқталды.

Биылғы жылы ауылда іске асырылатын ілкімді ірі екі жоба жүзеге асырылатын болады. Оның бірі «Қарақ және Қоңыраулы-көлдей» су тоспасының құрылысына және ауылдағы таза ауызсу қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Көмекбаев ауылына жаңадан клуб үйін салу туралы тұрғындар сұраныстары бойынша аудандық бюджеттен қазіргі таңда қаржы бөлініп, 100 орындық клуб үйінің құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қарауына ұсынылуда екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, аудан әкімімен бірге ауыл әкімі Н.Ахметов ауылдық округ бойынша тиісінше атқарылған жұмыстарды тұрғындарға баяндады.

Бүгінгі таңда ауыл көшелерін аяқ сумен қамтамсыз ету үшін 2 су айдау насосы жұмыс жасап тұрғандығын және бұл насостарға электр қуатын жеткізу үшін 1 дана электр трансформатор сатып алынғандығын,сонымен қатар ауылдағы аллеяға Арка орнатылып және спорт алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілсе және Қуаңдария ауылына кіре беріс және Көмекбаев ауылына шығатын бағыттағы каналдағы көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, қоршау орнатылғандығын айтты.

Сонымен қатар Көмекбаев ауылдық округі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субектілері, ауыл шаруашылығы оның ішінде өзекті жайылымдық жерлер, жол, жарық мәселесі, ауылды көркейту көгалдандыру барысындағы абаттандыру жұмыстары және тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне жіті тоқталды.

Келелі кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдалды. Халықтың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын болады.

Кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды таза ауыз сумен қамтитын су қабылдайтын құрылғының құрылыс жұмыстарын бақылады.

27 қазан 2022 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031