Шайырлар өңірінің шамшырағы
ГАЗЕТПЕН ОҚУШЫ КЕЗДЕН ДОС БОЛУ ДЕГЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН ҮЗІЛГЕН ЕМЕС. ОСЫ ОРАЙДА ГАЗЕТ БЕТІНДЕ СОНАУ 70-ІНШІ ЖЫЛДАРЫ «ЖІГЕР», 90-ЫНШЫ ЖЫЛДАРЫ «ҮКІЛІ ҮМІТ», 2000-ЫНШЫ ЖЫЛДАРЫ «ШАМШЫРАҚ» ДЕГЕН АРНАЙЫ БЕТТЕРДІҢ ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ЫНТАСЫН АРТТЫРУДА ҮЛЕСІ ЗОР БОЛҒАН.
«О, менің өз газетім – Шамшырағым,
Сыйладың жас кезімнен жан шуағын.
Мен сенде өлең етіп өрнектедім,
Сезімнің таңғы шықтай тамшыларын.
Сонан соң болдың маған Темірқазық,
Журналист атандырдың Тәңір жазып.
Адаспай өз жолымды таптым білем,
Бастаудан алдым үлкен өмір азық.
Қармақшы ақ таңындай аттың-дағы,
Шабыттың шалқар отын жақтың тағы.
Тәуелсіз, еркін елдің жаршысы боп,
Әр сөзің жай отыңдай жарқылдады», деген өлең жолдарының дәуірмен үндес басылымның әр жылдарда қанат қаққан қалам иелерінің жүрек сөзіндей әсер ететіні де содан болса керек.
Кейінгі жылдарда Дастан Нәзікбаев, Нұрбай Жанәділов, Жанар Сыдықова, Айжан Тоқшылықова, Тұрар Бекмырзаев, Алтыншаш Кетебай сынды қаламгерлер қызмет етсе, қазір Гүлжанат Дүзенова, Қазбек Тайбағаров, Ақнұр Сағынтай, Айнұр Әли, Ерсін Әбіләкиев, Ардақ Сүлейменова, Аслан Нұразғали секілді журналистер жұмыс істейді. Осы орайда бас маман Құралай Көкеева, компьютер бөлімінде қызмет атқарған, әлі де жұмыс істеп жүрген Алмагүл Елеусінова, Нұрлыбек Сайымов, Ғабит Мырхиев, Айзада Таңатарова, Гүлнұр Бөрібаева, Әлия Қарабалаева, Әлия Төремаханова, Ләйла Абдуллаева, баспасөз бөліміндегі Айнұр Бекмағамбетова, тарату бөліміндегі Талғат Омаров, Бектұрған Әбдіхалықов, Қуаныш Нұрпейісов және Талант Үсенов, Хамит Тиынов, Азат Әділбеков, Атымтай Айқодықов есімдерін де атап өткен жөн.
2020 жылдың ақпанынан бастап басылым редакторы – Сәрсенкүл Райымбаева. Мектеп қабырғасынан бастап шағын хабарлары газет бетіне шығып тұрған, 1992 жылы аудандық газетке іс жүргізуші болып қабылданып, осы газеттің жолдамасымен ҚазМУ-дың «Журналистика» факультетінде оқыған, одан кейінгі жылдары әдеби қызметкер, бас редактордың орынбасары деген еңбек сатысынан өткен Сәрсенкүл Жаудатбекқызы өзінің бала қиялына қанат бітірген басылымның бедел-биігін аласартпайды деген сенім бар. «Газеттің бұрынғы нөмірлерін парақтап отырсақ, сол бір кезеңдердегі аудан тынысын айқын сезінесің, өзің білмейтін жайларға қанығасың. Аға ұрпақ өкілінің жүріп өткен жолы көз алдыңда сайрап тұрады. Газет туралы жақсы пікір айтқан елмен бірге өзіңнің де мәртебең өседі. Бұл – алдыңғы толқынның жемісті жолы, маңдай тері, сезіне білген адамға бір ғанибет, таптырмас үлгі-өнеге. Дәстүрді ілгері жалғастыру – бүгінгі буынның парызы» дейді газеттің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева.
2016 жылдан бастап «Қармақшы таңы» газетінің сайты (qarmaqshy-tany. kz) тұрақты жұмыс істейді. Сайтқа аудан жаңалықтары, фоторепортаждар берілуде. Тілшілер видео сұхбат, сюжет жасауға да машықтанған. Сондай-ақ сайтта газеттің PDF нұсқасы жүктеледі. Басылымның интернет-версиясын күнделікті 1000-2000 адам оқиды. Жылдам ақпарат алмасу үшін әлеуметтік желілерде газеттің арнайы парақшалары ашылған. Бұл да – оқырман арттырудың заманауи үлгісі.
Қазіргі таңда газет бетінде түрлі сала бойынша ауыл-аймақ, елді мекеннің тыныс-тіршілігі, шаруашылық жайы, атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен қамтылатын «Тыныс», қоғамдық мәселелерге арналған «Айна», ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттерге арналған «Руханият», діни ағартушылық «Діңгек», мәдениет пен өнер тақырыбын топ-тастырған «Шілтер», білім саласына арналған «Білте», денсаулық, саламатты өмір салтын насихаттайтын «Басты байлық», «Спорт», отбасының көкейтесті мәселелерін көтеретін «Шаңырақ», әдеби-танымдық «Жан-сарай» арнайы беттері ұйымдастырылады. «Намыс найзағайы», «Сыр перне», «Жәдігер», «Тұмар», «Таным», «Нәтиже», «Дәулет», «Біртүйер», «Көзайым», «Сөзмәйек», «Жүрекжарды», «Даму», «Күндерек», «Ақберен», «Сарапшы», «Зерде», «Тіршілік таразы», «Біздің көшенің тұрғындары», «Мәселенің мәнісі», «Шөңге», «Тұлға», т.б. айдарлар бар. Сонымен қатар өңірдің жаңалықтары, еңбек майталмандары, отбасы институты, тіл, дін мәселесі, Мемлекет басшысының Жолдауларын назарға алған материалдар да күн тәртібінен түскен емес. Аудандық газет – қармақшылықтардың кешегісі мен бүгінін баяндайтын және келешегіне сеніммен қарауға үндейтін бірегей басылым.
(«Сыр журналистикасының тарихы» кітабынан
Басы өткен сандарда: https://qarmaqshy-tany.kz/kogam/22720-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/kogam/22720-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/22887-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23153-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23188-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23331-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23569-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23619-shayyrlar-rn-shamshyray.html
Басы өткен сандарда: https://qarmaqshy-tany.kz/kogam/22720-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/kogam/22720-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/22887-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23153-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23188-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23331-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23569-shayyrlar-rn-shamshyray.html
https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/ruhaniyt/23619-shayyrlar-rn-shamshyray.html