» » Құқық бұзушылықтың алдын-алу қашанда маңызды

Құқық бұзушылықтың алдын-алу қашанда маңызды

№107 орта мектебінде 2022 жылғы 26 қыркүйек күні кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, суицид пен интернет қауіпсіздігі, нашақорлықтың, жыныстық тиіспеушілік және ерте жүктіліктің алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында 8-11 сынып оқушыларына түрлі сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы, Жастар денсаулығы орталығының психологы Кетебаева Әмина Тахирқызы, Қармақшы жастар ресурстық орталығының байланыс істері жөніндегі маманы Маханова Жазира Бекетқызы қатысты.
Шара барысында қонақтар өз салалары бойынша қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отырған тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, бейнероликтер көрсетіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мағыналы да, мазмұнды шара соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді. "Болашақ" өзін-өзі басқару мектеп Парламентінің көшбасшылары қатысушы қонақтарға алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың өтуін қолдайтындықтарын жеткізді. Жоғары сынып оқушылары қатысушы қонақтарға сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Шара соңын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ешниязова Ләззат Зейнуллақызы қорытындылап, сала мамандарына мазмұнды ақпараттары мен пайдалы кеңестері үшін ризашылығын айтып, алғысын білдірді. Алдағы уақытта да игі істер өз жалғасын таппақ.
28 қыркүйек 2022 ж. 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930