» » "Атадан қалған өсиет"

"Атадан қалған өсиет"

Төретам кенттік клуб үйінде клуб үйінің ұйымдастыруымен "Атадан қалған өсиет" атты аудандық ардагерлер арасында сайыс болып өтті.
Сайысқа Иіркөл, Қызылтам, Ақай, Байқоңыр және Төретам кентінен данагөй қариялар қатысып, 2 айналым бойынша сынға түсті. Бірінші бөлімде ардагерлер көнеден жеткен өсиет айтса, екінші бөлімде бата беруден сайысты. Шараға Төретам кентінің әкімі Елеусінов Ғалымжан мырза, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар атамыз және Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен мырза қатысып, әділ қазылық етті. Өсиетке толы, тәрбиелік мәні зор шарамыздың қорытындысы бойынша, әділ қазылар алқасының шешімімен барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аталмыш шараның жоғары деңгейде өткізілуіне демеушілік еткен кентіміздің жеке кәсіпкері Абай мырзаға зор алғысымызды білдіреміз. Сайыс соңында кент ақсақалдары жылы лебіздерін айтып, алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылып, тәлім мен тәрбиеге толы осындай игі шаралардың жалғасуын ұсынды.
22 қыркүйек 2022 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 400
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930