» » » Ел алғысына бөленген

Ел алғысына бөленген

Төретам кенттік клуб үйінің қолдауымен, Байқоңыр, Төретам, Ақай ауылдық округінің өнер ұжымының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерт болып өтті. Концертке кентімізге танымал өнерпаздар қатысып, ел көңілінен шықты. Аталмыш кешке кентіміздің ардагерлер алқасы, әйелдер қоғамдық бірлестігі және кент әкімі Галымжан Тажмағанбетұлы қатысты. Өнердің киесін бағалаған кент тұрғындары екі сағатқа созылған керемет концерттің куәсі болды. Кеш соңында Төретам кентінің әкімі сөз сөйлеп, жылы лебізі мен алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жалғасын тапса екен деген ұсынысын білдірді. Ел алғысына бөленген өнер ұжымы алдағы уақытта да концерттердің жиі ұйымдастырылып, халықтың ақ батасына ие болатынын жеткізді. Жоғары дәрежеде өткізілген шара соңында өнерпаздар естелік суретке түсіп, көңілді тарқасты.
08 маусым 2022 ж. 1 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 916
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 165

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930