» » Төретам кенті әкімі халық алдында есеп берді

Төретам кенті әкімі халық алдында есеп берді

Төретам кентінде орналасқан клуб үйіне жиналған көпшілік кент әкімі Ғалымжан Елеусіновтің тұрғындар алдындағы есебін тыңдады. Есепті жиынға аудан әкімі Қайрат Нұртай және бөлім басшылары мен тұрғындар қатынасты.
Баяндамасын өткен жылы атқарған ілкімді істермен бастаған кент әкімі әр салаға жеке-жеке тоқталды. Айта кетсек, 2021 жылы Төретам кентінде «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 20 көшеге орташа жөндеу жүргізілген. Төретам кентіндегі ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүргізілген. Төретам кентіндегі барлық электр желілері мен 40 дана трансформаторлар ауыстырылған. Сонымен қатар, кентке электроэнергиясын беретін қосалқы станция жаңаланып, электр тарату желісі мекемесінің әкімшілік ғимараты салынған. Кәсіпкерлік саласы бойынша бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 76 жоба – 333,3 млн. теңгеге қаржыландырылған. 5 жобаға 2 млн 917 мың теңге грант берілген. Сонымен қатар, кентте 8 шағын өндіріс цехтары іске қосылған. Кент әкімінің айтуынша мәдениет, білім, денсаулық, спорт салалаларын дамытудағы жұмыстарда жүйелі түрде іске асуда.
Жиын соңында кент тұрғындары аудан әкіміне өз талап-тілектерін білдірді. Мәселен, көпшілікті тұрғындарды толғандырған негізгі сұрақтардың бірі – Төретам кентінің санитарлық тазалық жұмыстарын бір ретке келтіру және кентке табиғи газ қосу жұмыстары.
Бұл ретте, аудан басшысы Қайрат Ырзақұлұлы Төретам кентіндегі проблемалық мәселелермен жіті таныс екенін және олардың шешу жолдарын қарастырып жатырғандығын жеткізді. Тазалық мәселесін шешу үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпкерлер арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ, Төретам кентіне көгілдір отынды кіргізу мәселесіне байланысты алдағы уақытта республикалық бюджет нақтылануында кентішілік газ құбырларын жүргізуге қажетті қаражат қаралатынын жеткізді.
Бұдан бөлек аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап қайтарды.

18 ақпан 2022 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930